Шаруашылық • 22 Маусым, 2024
Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» (АНК) АҚ «Кең дала-2» жаңа бағдарламасымен көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыруға жыл сайын беріліп келген 140 млрд теңгені 300 млрд теңгеге дейін арттырды. Сонымен бірге несиелерді қайтару бұрын 1 желтоқсанға дейін болса, енді оның жартысын осы мерзімде, екінші жартысын келесі жылдың 1 наурызына дейін өтеуге болатын тәртіп енгізілді. Сөйтіп, шаруаларды қыспай, астығын ұтымды бағаға сатып, қарызынан асықпай құтылуға мүмкіндік берілді.
Жәдігер • 21 Маусым, 2024
Қарағайдан қиып жасалған бұл домбыраның да көрмеген құқайы жоқ деп айтуға болады. Зиялылар қуғын-сүргін көрген 1937 жылы жасалып, бүгінге аман жеткен екен.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Бірден 30-35 градус ыстықты көрсетіп, қатарынан 4-5 күн бойы шыжып кеткен күн қызылжарлықтарды су қоймаларына қуды. Бұл істе әсіресе жас балалар белсенді. Ата-аналарының қарауынсыз суға жүгіргендерден осы күнге дейін 3 бала суға батып кетті. Үшеуі де суға түсуге жабдықталмаған жерге барып шомылған екен.
Айбын • 21 Маусым, 2024
Ұлттық ұлан жас офицерлермен толықты
Ішкі істер министрлігі әскерінің институты Петропавл қаласында 1996 жылы ашылған. Стратегиялық өңірде орналасқан бұл оқу орнының еліміз үшін маңызы ерекше.
Мирас • 18 Маусым, 2024
Мінсең ат, шапсаң жүйрік, қайран дүлдүл...
Қызылжардың түбіндегі Бескөлдің «Құлагер» ипподромына жиналған көпшіліктің сенбі күні рухы көтеріліп, делебесі қозып, жандары жадырап қалды.
Қоғам • 12 Маусым, 2024
Статистика ғылымына көңіл бөлгісі келмейтін мемлекеттер ақырында жоспарлау, даму, елдің ішкі және сыртқы жағдайының шынайы өсу бағасын анықтауда қатты қателеседі. Адам өмірінің туу, некеге тұру, оқу, еңбек ету сияқты барлық қырларында фактілер мен сандар тұрады. Олардың өзгерісі мен толықтырылуын мемлекет үнемі қадағалап отыруы керек. Сондықтан барлық деректерді жинақтау, талдау, сараптау, мониторингтеу ісімен айналысатын статистиканың мемлекеттің даму барысын анықтаудағы маңызы зор.
Шаруашылық • 12 Маусым, 2024
Елдің ең ірі астықты өңірлерінің бірі – Солтүстік Қазақстан облысына көктемгі егіс жұмысының барысымен танысуға Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыс сапарымен келді. Министр сапарын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхаметовпен бірге Ғ.Мүсірепов ауданының астықты алқаптарын көруден бастады.
Ауыл • 12 Маусым, 2024
Сабақтастықты үзбеген серіктестік
Еңбек ері Геннадий Зенченконың есімі республика тұрғындарына жақсы таныс. Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданына қарайтын Новоникольск аулында ең ірі әрі жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы құрылымы – «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігін құрып, ұзақ жылдар бойы ең озық шаруашылықты дөңгелетіп отырды. 2016 жылы 79 жасында дүниеден өткенде ісін баласы Геннадий жалғастырды.
Аймақтар • 07 Маусым, 2024
Жаңбыр сеуіп өткеннен кейінгі жарқыраған ашық күннің астында үйлерін су басып, дүние-мүліктерінен де айырылып, қамкөңіл болып жүрген жандарға кеше облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бұрын «Солнечный-2» болып, енді «Бірлік» атанған шағын ауданның орталық алаңында жаңа үйлердің кілтін салтанатты жағдайда тапсырды.
Қылмыс • 06 Маусым, 2024
«Жұмыс мерзімі» – 3 ай, жазасы – 15 жыл...
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында есірткі тасымалдау мен тарату оқиғалары жиілеп тұр. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 18 кило түрлі есірткі заттарын тәркілеп, сақтаушылар, таратушылар мен тасымалдаушыларды ұстады. «Қара базарда» есірткінің бағасы жүздеген миллион теңгемен айналады.