Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1488 материал табылды

Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Солтүстік Қазақстанда 37 адамы бар 15 көлік құтқарылды

Ат құлағы көрінбес ақпанның ақырған бораны Солтүстіктің жолдарын жауып тастағанымен қоймай, жеңіл көліктерді қарға көміп жатыр. 20 ақпанға қараған түні қар құрсауында қалған, жоғарыда айтылған көліктер тегіс Тимирязев ауданы Дмитриевка селосының маңындағы «КТ-27» деп аталатын «Волошенка – Тимирязев» республикалық маңызы бар автожолында №18-ші өрт сөндіру бөлімінің «Нива Бронто» жол талғамайтын көлігі және 3 «ДЭУ–63» техникасының күшімен қардан қазылып алынды. 15 бірлік автокөлікте 37 адам, оның ішінде 1 бала болған.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Жаға ұстатқан жат қылық

Егер адам жұмыссыз болып немесе жеке басындағы, отбасындағы, қызметіндегі түрлі қиыншылықтардан күйзеліске түсіп, өзіне өзі қол жұмсаса ондайды да қоғамға жат қылық санаймыз. Ал қол аяғы балғадай, қызметі бар, күнделікті өмірде азаматтардың заңды жолмен жүруін, адам өмірінің сақталуын, қоғамдық тәртіптің  бұзылмауын қадағалайтын тәртіп сақшысы өзіне өзі қол жұмсағандығы шектен шыққан қылық екендігі даусыз.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Соңғы күндердің бораны сұрапыл

Солтүстік Қазақстан облысында желдің қатты күшеюімен бірге жолдың көктайғаққа айналуы қаупі зор болып тұр.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2020

Ұлы даланың ұлы тұлғаларына арналған орталық

Кеше Қызылжар қаласындағы С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Әл-Фарабидің 1100, Алтын Орданың 750 және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойларына арналған орталық ашылды.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Шағын ауылдарды жойсақ, шекаралық аумақты қайтеміз?

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов әкімдіктің отырысын өткізіп, 2020 жылдың қаңтар айының қорытындыларын және алдағы жұмыстардың бағдарын анықтады.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Тәлімі зор, ғибраты мол жиын

Кеше М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Солтүстік Қазақстан – бір ғасырлық шежіре» атты облыстық газетке арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету артып келеді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан департаменті басшысының орынбасары Жанат Жұмабаев жуырда 2019 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап және жаңа жылдағы жоспарлардың орындалу барысы туралы журналистерге брифинг берді.

Таным • 17 Ақпан, 2020

«Ібір-Сібір» атауы нені білдіреді?

Ел арасында жүріп кей-кейде қызық деректерде, ой тудыратын, сөз қудыратын бір түсініктерге ұшырап қаласың. Жуырда бір ауыл ақсақалы Түмен облысынан келген жас жігітке «е, Ібір-Сібірден келген екенсің ғой» деп қалды. Анау болса өзінің орыстілді екенін танытып, ақылдымсынған біреу екен, астамшыл дауыспен: «Ибир не знаю, я из Сибири» деп соғып қалды. 

Оқиға • 17 Ақпан, 2020

Қызылжарда кейуана қызыл жалын құшты

Бұрнағы күні Петропавл қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінен өрт шықты және осы жерден 84 жастағы кейуананың өлі денесі табылды.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2020

Аудандық мұражай жастар тәрбиесіне қызмет етпек

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында жастарды ішкі істер қызметінің тарихымен таныстырып, маңызын көрсетіп, ерлік істерді үлгі ету мақсатымен ведомстволық мұражай ашылды.