
Өндіріс • 06 Наурыз, 2025
Петропавл қаласында «Масло-Дел» компаниясы құны 34 млрд теңгеге бағаланған май экстракциялайтын зауыт ашты. Бұл – «Масло-Делдің» біздің өңірде ашып отырған екінші кәсіпорны. Оның ең алғашқы зауыты 1999 жылы Алматыда жұмысын бастаған. Содан бері серіктестік азық-түлік өндіру нарығында алдыңғы орындардың бірін еншілеп келеді. Өңірлерде оның осындай алты кәсіпорны бар.
Жәдігер • 06 Наурыз, 2025
Петропавл қаласындағы Ислам мәдениетінің тарихы музейінде Бағдат қаласынан әкелінген мына таспиық тұр. Оның әрбір тасы тауық жұмыртқасындай. Таспиық тастары қыштан жасалған. Барлық тасқа Ясин сүресі басынан аяғына дейін жазылған. Музейдің директоры Мұрат Әміржанның айтуына қарағанда, салмағы 2-3 кг. Бір қызығы, оны тапсырған адам өзінің аты-жөнін атауды қаламапты.
Қоғам • 01 Наурыз, 2025
Уәлиханов ауданы Қызылжар өңірінің оңтүстігінде орналасқан. Аудан орталығы – Кішкенекөл ауылы. Аудан орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 шақырым жердегі Ақбұлақ ауылы тұрғындарының қазақ-орысы аралас. 2010 жылға дейін ауыл «Чехов» аталған, артынан тұрғындардың келісімімен осы мекеннің ежелгі қазақша атауы «Ақбұлақ» аты берілді.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2025
«Қазгидрометтің» Солтүстік Қазақстан филиалының хабарлауынша, Есілдің Сергеев суқоймасындағы деңгейі биыл былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 87 см биік. Жаз бойы Есілдің суы қалыптағыдай азаймады. Бұған былтырғы судың молдығы, жерасты суларының көтерілуі әсер еткен.
Қоғам • 27 Ақпан, 2025
Қызылжардағы қырандар бәсекесі
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы «Құлагер» ипподромында құсбегілік өнерден кезекті чемпионат аяқталды. Екі күнге созылған саятшылардың сайысына Астана мен Алматы қалаларынан және 12 облыстан іріктелген үздік құсбегілер 62 бүркіт, 29 қаршыға және 17 ителгісін әкеліп қатысты.
Тағзым • 26 Ақпан, 2025
Қызылжардағы облыстық әмбебап, ғылыми кітапханаға қазақ әдебиетінің классигі, әйгілі жазушы Сәбит Мұқановтың есімі қайтыс болғаннан кейін 2-3 айдан кейін берілген. Мұндай жеделдіктің себебі – Қызылжардың қақ ортасындағы осы үш қабатты тамаша кітапхананы жазушының өзі депутаттық сауал жолдау арқылы салдырған. Тіпті өз қалтасынан да қаражат қосыпты. Сондықтан кітапхана қызметкерлері 52 жыл бойы жазушының жақсылығын ұмытпай, оның есімін құрметтеп келеді.
Қылмыс • 26 Ақпан, 2025
Солтүстік Қазақстан облысында қолдан жасалған спирттік ішімдіктерді тарату үдеп тұр. Жуырда полиция қызметкерлері Ақжар ауданында рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында 39 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан «Mazda» көлігін тоқтатқанда, оның ішінен 100 литрдей заңсыз алкоголь тәркіленді.
Ұлттық спорт • 25 Ақпан, 2025
СҚО-да құсбегілердің сайысы өтті
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы «Құлагер» ипподромында Қазақстан Республикасының құсбегілек өнерден кезекті чемпионаты аяқталды. Екі күнге созылған саятшылардың сайысына Астана мен Алматы қалаларынан және 12 облыстан іріктелген үздік құсбегілер 62 бүркіт, 29 қаршыға және 17 ителгісін әкеліп қатысты.
Қылмыс • 21 Ақпан, 2025
Өздерін блогермін деп таныстырып, смартфондарының камерасын көтере ұстап, сауда орындарында, мемлекеттік мекемелерде қоқаңдайтындар Петропавлда да бой көрсетіп қалады. Олар контент жасап, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялайтын адам ғана болғандықтан, заң жүзінде мұндай іс-әрекетке әзірге тыйым жоқ.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2025
СҚО-да заңсыз елік аулағандар қолға түсті
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша және Айыртау аудандарында табиғаттың еркесі, сұлу еліктерді атқандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.