Қарашаш ТОҚСАНБАЙ
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ«Egemen Qazaqstan»
3 материал табылды

Әлем • 05 Қыркүйек, 2019

Ресейде оқыған қазақ өнерпаздары мұрағатын түгендеуге не кедергі?

Еліміз тәуелсіздік алғалы төл тарихымызға қызығушылық артып, өткен күндердің талай қатпарлы беттері ашылды. Арнайы мемлекеттік бағдарламалар түзіліп, алыс-жақын шетелдердегі баға жетпес құнды мұраларымызбен қауыштық. Кеңестік дәуірдің идеологиялық көзқарасына қайшы келетін небір құнды құжаттар мен рухани әлемімізді байытатын мұраларымыз еліміздің, халқымыздың мәдени-рухани айналымына қайта еніп, көптеген жаңалықтың беті ашылды десек те, әлі де толыққанды игерілмей жатқаны қаншама? Кеңес Одағы тұсында Ресейдің айтулы білім ордаларында Қазақстаннан кімдер оқыды, белгілі тұлғалардың шетел архивтерінде сақталған құжаттарына қол жеткізуге не кедергі болып отыр? Ресей архивтеріндегі осы және басқа да өзекжарды мәселелер туралы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты Аманкелді МҰҚАН баяндайды.

Сұхбат • 12 Шілде, 2019

Театр – ұлттың ар-ұяты

Халық арасында «Театр – хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» деген қағида жиі айтылады. Ал қазақ ұлттық сахна өнерінің қазіргі жағдайы сол бағаға қаншалықты сай дей аламыз? Осы және бүгінгі қазақ драматургиясы һәм театрлық қойылымдардың өзекті мәселелері жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай ЖҰМАТ-ӘЛМАШҰЛЫМЕН болған сұхбатта баяндалады.

Сұхбат • 31 Мамыр, 2019

Өркениет көшінен өз орнымызды табатынымызға сенемін

«Қазақстанның құрметті журналисі», Ақтау қаласының құрметті азаматы, белгілі қаламгер Маңдайлы Қосымбайдың есімі оқырманға кезінде «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі ретінде мұнайлы өңірдің мұң-мұқтажы мен экономикалық-әлеуметтік, мәдени тыныс-тіршілігі жайында жазған қадау-қадау мақалалары арқылы етене таныс. Қырық жылдық журналистік жолында өзі өскен Жетісай аудандық (Түркістан облысы), кейін Маңғыстау облыстық газеттерінде, сондай-ақ «Егеменнің» ұстаханасынан шыңдалып шыққан қаламгер 2002-2015 жылдары облыстық «Маңғыстау» газетінің, «Шерқала» журналының бас редакторы, «Маңғыстау-Медиа» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды. Өңірдің рухани дамуына атсалысып, саналы ғұмырын журналистикаға арнаған ардагер әріптесіміз – бүгінгі таңда Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі... «Егеменнің» ғасырлық тойы қарсаңында сонау өткен жылдар ізінен өзгеше өрнек іздеп көру мақсатымен Маңдайлы ҚОСЫМБАЙДЫ әңгімеге тартқан едік.