Байқау • 15 Ақпан, 2024
«Бұлбұл» романсы халықаралық байқауда бірінші орын алды
Шетелде білім алып жатқан 10-сынып оқушысы Аделина Мұхаметжанова таяуда АҚШ-тағы халықаралық вокалистер байқауында Латиф Хамидидің «Бұлбұл» романсын орындап, бірінші жүлдені иеленді.
Медицина • 09 Ақпан, 2024
Сәбилерді соқырлықтан сақтайтын диагностикалық аппарат алып берді
Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы ретиналды камераға қол жеткізді. Бұл аппарат дәрігерлерге жаңа туған нәрестелердің көзіндегі кінәраттарды, соның ішінде шала туған шақалақтардың ретинопатиясын дер кезінде анықтауға көмектеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Ақпан, 2024
Қазақстан корейлері Соллаль мерекесін атап өтті
Ай күнтізбесі бойынша келетін Шығыс Жаңа жылы – биылғы Сольналь немесе Соллаль мерекесі 10 ақпанға тура келеді, дәл осы күні жасыл ағаш айдаһар жылы күшіне мінсе, бізде наурыз айында нағыз ұлу жылы басталады. Сондықтан да елімізде Жаңа жыл мерекесін үш рет қатарынан қарсы алатын ұлт болса, бұл – Қазақстан корейлері. Бірінші – Григориан күнтізбесі бойынша болса, екіншісі – Соллаль, үшінші – Наурыз мейрамы, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 07 Ақпан, 2024
Әлидің әлемі – гемофилияға шалдыққан барша баланың тағдыры
Көбінесе ұл балалардың арасында кездесетін, сирек әрі тұқым қуалайтын гемофилия дейтін кесел бар. Қанның ұюына әсер ететін VIII және IX факторларының жетіспеушілігінен науқастың қаны өте сұйық болғандықтан, абайсызда денесін жарақаттап, кесіп алса, стоматологиялық немесе хирургиялық манипуляциялардан кейін ұзақ уақыт қан тоқтамауы мүмкін. Осы диагнозбен өмірге келген балаларға өз ерекшелігіне бейімделуі мен ем-домын ерте бастауы маңызды. Бұл ретте Қазақстандағы «Takeda» биофармацевтикалық компаниясы мен Қазақстандағы гемофилияға шалдыққан мүгедек-пациенттер қауымдастығы қосылып, «Әли мен оның ішкі әлемі» кітабын жарыққа шығарды.
Алматы • 05 Ақпан, 2024
Алматылықтар онлайн рәсімдеген құжаттарын автоХҚО-ға бармай-ақ алады
Биылғы қаңтар айынан бастап алматылық автокөлік иелері онлайн рәсімдеген құжаттарын мамандандырылған ХҚО-ларға бармай-ақ ала алатын болды. Енді Алматы қаласы Жандосов көшесі, 51 мекенжайында орналасқан Әуезов аудандық ХҚО ғимаратының 2-ші қабатында онлайн форматта рәсімделген дайын құжаттарды беру секторы жұмыс істейді. Мұнда «көлік құралдарын тіркеу» және «жүргізуші куәліктері» бойынша дайын құжаттарды алуға болады.
Медицина • 01 Ақпан, 2024
Жыл сайын Алматы қаласында қолқа қақпақшасы тарылған 20-22 науқасқа операция жасалса, осындай хирургиялық операцияға мұқтаж науқастардың саны 200-250-ге дейін жетіп жығылады. Осы орайда Алматыдағы Кардиология орталығында жүрекке жоғары технологиялық және зақымы барынша аз операция жасайтын TAVI орталығының ашылуын мегаполис медицинасындағы ілкімді оқиғалар қатарына қосар едік.
Алматы • 30 Қаңтар, 2024
Сынамасыз сатудың да сұрауы бар
Аңғарған адамға бүгінде барлық салада бақылау мен тәртіптің күшейіп келе жатқаны байқалады. Мәселен, Алматыда сатушыларға зергерлік бұйымдар мен әшекейлерді сынамасыз саудалағаны үшін жауапкершілік бар екені ескертілді.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Алматыда Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш ашылды
Бүгін Алматыда Түркияның тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүрікке арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Ескерткіш Алматы қаласының әкімдігі Мұстафа Кемалдың құрметіне өткен жылы ашылған «Ататүрік скверінде» бой көтерді.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2024
Алматыдағы жер сілкінісі: Зардап шеккен 67 адам медициналық көмекке жүгінді
Алматыда жер сілкінісі зардап шеккендердің барлығы қажетті медициналық көмектің толық көлемін алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Қаңтар, 2024
Жатыр мойны обырының алдын алудың кешенді тәсілдері талқыланды
Бүгін Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары ДДСҰ және ҚДСҰО сарапшыларымен бірге Қазақстандағы жатыр мойны обырын емдеу қағидатын, алдын алу мен анықтаудың кешенді тәсілдерін, HPV-на қарсы егудің келешегін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.