Денсаулық • 27 Наурыз, 2024
Алматы мен Ярославль қалалары дәрігерлерінің мегаполисте сирек кездесетін аяқ-қол кеселдерімен туған 8 балаға жасаған операциясы сәтті өтті. Бұл балалардан да бөлек, ұқсас дерттері бар 60 шақты кішкентай пациент білікті дәрігерлердің қабылдауында болды.
Халық • 19 Наурыз, 2024
Жыл басталғалы бері табиғаты дүркін-дүркін тосын мінез танытқан Алматыда да аяздың беті қайтып, жұрт мереке, думандардың лебін сезе бастады. Күн шұғыласына шомыла бастаған оңтүстік мегаполис үшін биылғы Наурыз шынында да ерекше басталды.
Алматы • 14 Наурыз, 2024
Күн сайын белең алып келе жатқан кибершабуыл ақпараттық қауіпсіздіктің дәстүрлі тәсілдерін қайта қарауға мәжбүр етіп отырғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Ал интернетке қосылған құрылғылардың саны экспоненциалды жылдамдықпен өсіп келе жатса, оған қоса алаяқтар да қарап жатқан жоқ.
Қоғам • 13 Наурыз, 2024
Септігі тиетін сапалы протездер
Миллиондаған халқы бар мегаполисте әлеуметтік тұрғыда әркімге әртүрлі қолдау қажет. Біреулер қаржылай көмекке, енді біреулер мамандардың кеңесіне мұқтаж болса, ал мүгедектігі бар жандардың жүріп-тұруы үшін заманға сай арнайы асай-мүсейлер керек.
Басылым • 12 Наурыз, 2024
«Коре ильбо» – тамыры терең басылым
Қай уақытта, қай жерде танысқанымыз есте жоқ, бірақ ұзақ жылдар бойы туған әпкемдей, тіпті ауылда қалған қамқор әжемдей Қызылорда өңірінде қазақы кемпір-шалдың бауырында өскен Клара Александровна Хан атты дос-апам болды. Ол кісінің телефонның ар жағынан әрдайым мейірімге толы қамқор дауыспен: «Айн-а-л-а-йын, айна-а-л-а-йын», деп әр жолы әуезді дауысымен іздейтіні әлі күнге дейін құлағымда жаңғырып тұр.
Туризм • 07 Наурыз, 2024
Туризмге серпін беретін байланыс
Германияда өткен ITB Berlin-2024 туристік көрмесі кезінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен Mastercard компаниясының жетекшілерімен кездесіп, Mastercard туристік инновациялар орталығының мүшелігіне қол жеткізді. Осы арада ITB Berlin – туризм саласында бүкіл әлемді қамтитын басты да ықпалды халықаралық форумы екенін еске сала кеткен жөн.
Қоғам • 07 Наурыз, 2024
Биыл, яғни 2024 жылдың алғашқы екі айында отандастарымыз жер сілкінісі және басқа да апатты жағдайлардан кейін 855 жылжымайтын мүлікті сақтандырған. Мәселен, былтыр дәл осы аралықта 482 нысан ғана сақтандырылса, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 77,3 пайызға өсіп отыр. Алайда жекелеген азаматтардың мүліктерін сақтандыру деңгейі бүкіл елде әлі де баяу жүріп жатыр.
Байқау • 05 Наурыз, 2024
Алматы қаласының оқушылары роботтехника бойынша ең ірі жарыстардың бірі – «Central Asia FIRST Tech Championship» чемпионатынан олжалы оралды. Астанадағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткен ақыл-ой додасына Қазақстанның әр өңірінен
Қоғам • 05 Наурыз, 2024
Жер сілкіністерінен кейін тұрғын үйлерін сақтандырғандар саны артты
Биыл, яғни 2024 жылдың алғашқы екі айында отандастарымыз Қазақстандағы жер сілкінісі мен басқа да апатты жағдайлардан 855 жылжымайтын мүлікті сақтандырған. Мәселен, былтыр дәл осы аралықта 482 нысан ғана сақтандырылса, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 77,3%-ға өсіп отыр. Алайда, жекелеген азаматтардың мүліктерін сақтандыру деңгейі бүкіл елде әлі де баяу жүріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 04 Наурыз, 2024
МӘМС: 20 млрд теңгенің операциясы жасалды
Тиісті ем-дом алуда МӘМС-тің айналасында толастамай тұрған дау-дамай, кедергілер, кемшіліктер, көзқарастар қайшылығына қарамастан, 2023 жылы Алматыда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен көрсетілген қызметтерге 140 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медициналық сақтандыру қоры Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.