Экономика • 14 Шілде, 2020
Бірінші жартыжылдықта жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8% артты
2020 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 8% - ға өсті. Тоқыма бұйымдарының өндірісі 8,4% - ға, былғары өнімдері 6,6% - ға және киім өндірісінде 2,1% - ға өсім байқалады. Саладағы оң нәтиже мақта талшығы, дайын тоқыма бұйымдары, сыртқы киім, бас киім, шұлық бұйымдары мен аяқ киім өндірісінің ұлғаюы есебінен орын алды.
Қоғам • 14 Шілде, 2020
Қарулы Күштерінің отставкадағы генерал-майоры өмірден озды
2020 жылғы 14 шілдеде отставкадағы генерал-майор Әмірбек Әнуарұлы Тоғысов 71 жасқа келген шағында дүниеден озғаны мәлім болды.
Тағайындау • 14 Шілде, 2020
Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментіне жаңа директор тағайындалды
ҚР ИИДМ Жауапты хатшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің келісімі бойынша Сергей Иванович Черненок ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.
Тағайындау • 14 Шілде, 2020
Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы таныстырылды
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің келісімімен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қарабаев Марат Кәрімжанұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Атырау полицейлері 300-ден астам карантин режимін бұзғандарды анықтады
Тексеру көрсеткендей, кейбір бизнес құрылымдар тараптарынан карантин талаптары сақталмайды.
Қазақстан • 14 Шілде, 2020
Қалалық автобус тасымалдарын дамыту жөніндегі кешенді шаралар әзірленді
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің ақпараты бойынша автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі шамамен өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр. (2020 ж. – 1,43 млрд. тонна, 2019 ж. – 1,5 млрд. тонна).
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Жамбыл облысындағы жергілікті жолдардың шамамен 320 шақырымы жаңартылады
2020 жылы Жамбыл облысында жергілікті жолдардың шамамен 320 шақырымы жаңартылатын болады. Мұнда автомобиль жолдары саласында 20 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 14 Шілде, 2020
Елімізде онлайн-форматта Astana Finance Days конференциясы өтті. Онда талқыланған басты тақырып – құбылмалы әлемдегі нарықтарды дамыту және пандемияның жаһандық экономикаға әсері. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар экономикалық жағдайдың қалай өзгеретінін, өмірімізге қалай әсер ететінін және қандай технологиялар көп ұзамай әлемнің ажырамас бөлігі бола алатынын талқылады. Атап айтқанда, жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, АХҚО құқығы, Ислам қаржысы, сондай-ақ адам капиталын дамыту секілді бағыттарға назар аударылды.
Президент • 13 Шілде, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режімінде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты.
Қазақстан • 12 Шілде, 2020
Халық қиындықпен күреске кірісті
Бар екенбіз, жақсылыққа нар екенбіз. Халық дәрі таба алмай, ауруханаларды жасанды өкпе желдеткіштері жетпей қысылған осынау шақта елдің бас көтерер азаматтары ес жинап, осы іске халықтың өзін жұмылдыра бастағандығы әр жерден айқын байқала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.