Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1076 материал табылды

Аймақтар • 04 Ақпан, 2021

Алақандай аудан әлемдік туристік хабқа айнала ма?

Әдетте, Алматы облысындағы туризмның дамуы туралы айтқанда тіл ұшына Алакөл жағалауы алдымен оралады ғой. Әрине, бұл заңдылық. Өйткені, көл жағалауындағы демалыс маусымының қызған шағында бұл өлкенің аты әлемге таралады. Алайда, туристер қатары сиремейтін табиғаты ерекше аумақтар өңірдің басқа ауданында жеткілікті екен.

Аймақтар • 04 Ақпан, 2021

Жетісуда жемқорлыққа қатысты жағымсыз оқиға жиіледі

  Жетісуда жемқорлығы әшкереленген лауазымды қызметкерлердің қатары азамай тұр. Өкінішке қарай, соңғы бір ай көлемінде ел құлағын елеңдеткен оқиға жиілеп кетті. Мәселен, жақында облыстық білім басқармасының басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 04 Ақпан, 2021

Екпеден кейінгі өмір. Еріктілер не дейді?

Алматы облысында коронавирусқа қарсы екпе салу жалғасып жатыр. Өңірге ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы легі келіп, еріктілер мен міндетті екпе алушылар әлі де егілуде. Жалпы екпені салудың  алғашқы кезеңінде 1450  адам қамтылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 03 Ақпан, 2021

Тауарлы сүт фермасы – табыс арнасы

Алматы облысында тауарлы сүт фермасының саны көбейіп келеді. Бүгінде осындай 82 шаруашылық мал басын өсіріп, өндіріске қажетті өнім дайындап отыр. Ал аймақтағы сүтті сиырдың саны 25,7 мың басқа жетті.

Білім • 03 Ақпан, 2021

Кешігіп ашылған оқу ордасы

Жуырда Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылындағы мектептің жайымен танысқанбыз. Бұл ауылда бертінге дейін қазақ мектебі болмаған екен. Ауылдан қазақ мектебін ашу туралы арман ұзақ жылдар бойы кедергіге ұшырай берген-ді. Мұның түрлі себебі болды. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана бұл мақсат орындалған.

Аймақтар • 02 Ақпан, 2021

Алматы облыстық Білім басқармасының басшысы ұсталды

Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жемқорлыққа қарсы қызметтің бірлескен тобы арнайы операция барысында Алматы облысы білім басқармасының басшысын және бірнеше лауазымды тұлғаны ұстады деген ақпарат тарады,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 01 Ақпан, 2021

Алматы облысы: Орынбасарлар «Спутник V» екпесін салдырды

Алматы облысына ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы легі келіп, Талдықорған қаласындағы №1 емханада еріктілер мен міндетті екпе алушылардың бір тобына екпе жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 27 Қаңтар, 2021

Оқушылар қоқыс жинайтын робот құрастырды

Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қоқыс жинайтын робот құрастырыпты. Балалардың қолынан шыққан екі бірдей жасанды құрылғыға кәнігі шеберлердің өзі қызығушылық білдірді.

Экономика • 27 Қаңтар, 2021

Қызылша мен қамыс – өңдегенге табыс

Жетісуда қант қызылшасын өсіру дәстүрі қайта жаңғырғалы бері тәтті түбір егілген танаптар саны көбейді. Бұл үдеріс елдегі диқан мен шаруаның ісін ілгерлетіп, тұрғындарды еңбекпен қамтуға да оң әсер етуде. Ал қант қызылшасынан алынған өнімнің артуы өңірдегі өндірістің де жұмысын жолға қойып отыр.

Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021

Кеген ауданында мал неге қырылды?

Алматы облысының Кеген ауданына қарасты шаруашылықтың бірінде ірі қара малы қырылып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Аяқ астынан шыққан дерттен Бөлексаз ауылындағы «Meat Processing and Service» серіктестігіне қарасты мал бордақылау алаңында 53 бас сиыр өлген. Ал ауырған малдың қарасан мен пастереллезге шалдыққанын аймақтың ветеринариялық қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.