Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ
Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ
15 материал табылды

13 Қараша, 2017

Уақыт – құдірет

Өмір сүріп жатқан кеңістігіміздің үстінен кірпік қақпай бақылайтын құдірет уақыт десек сипат-сынына нақпа-нақ жақындап, анықтамасы дәлме-дәл берілді деу асылыққа астасатынынан сау емес. Мың-сан ғасырдың ұзына бойына зерделі үңіліп, зерттеу жүргізген ғылымның анықтаған шындықтары, жасаған қорытындылары, батыл да байыпты болжамдары әрәдік жадыға оралған сайын жалпақ жаратылыстың алдында оның бәрі кішік те ізетті естілетіндей көрінетіні несі екен. 

11 Қазан, 2017

Рухани бостандық

Бүгінгі жастар легінің мінез қа­лыбы қатары сетіней бастаған аға ұрпақ өкілінен көп өзгешелеу. Ар­маншыл алып-ұшқан жаратылыстан гөрі ұстамды кейіптерінде өмірдің өтпелілігіне әлден-ақ бойлап үлгеріп, дүниенің мәнін терең түсінген сабырлы қариядай.

Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2017

Сыншы семсері

Рухани ақпарат өрісінің айнасынан әлдеқалай шеттеп қалған жағдайда көркем ой жаңалығын өткеріп алып, өкініште қалатын сияқ­тысың. 

22 Қыркүйек, 2017

Қазақ қарияларының кеңдігі

Өткен уақыт қайтып оралмайтын есіл өмір екенін көңіл күйдің аумалы-төкпелі қилы-қилы шағында ойласаң – шырғалаңы көп кермек шындықтар санаңды шарлай жөнелетіні несі екен. Желтоқсан көтерілісінен кейін Мәскеу газет­тері жалпақ жалғанға жария қыл­ған қазақ ұлтшылдығын идеяло­гия­лан­дырылған бояумен баттастыра қалың көрсеткеніне өзге тұрмақ өзің иланып, орнынан алынған сол кездегі биліктің кінәсі қорытылған қорғасындай сал­мақ­ты сияқтанды. Ендеше, жазасын құдай өзі берсін дегеннен артыққа бар­­май на­за­ланған сезімге қорыну қосы­лып, сі­лей­ген қалпы отырасың да қоясың.  

29 Тамыз, 2017

Өзгеру мен көз көру

Өткен ғасырдың сонау сексенін­ші жылдарының бас шенінде қалам­герлікке қатысы бар жұрттың көбі бір жазылып тасталған дүниеге қай­тып айналып соқпайтын әдетті – Ал­ла тағаланың ерекше сыйы деп ар­тық­шылыққа балап жататын. Тап мұн­дай өлшем қайдан шығып, қалай орныққанын бір Құдайдың өзі біледі.