• 19 Қыркүйек, 2018
Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy.
• 27 Маусым, 2018
Жиырма бірінші ғасыр жетістігі жөнінен өмір сүрудің мың-сан түйткілін оңынан шешіп, жан-жақты жарасымды дамуға даңғыл жол ашып жіберген сияқты бір қарағанда. Ой-ниет пен ықылас-пейіл, ұйғарым мен тәуекел секілді сан алуан ұғым-жағдаяттар барысындағы өмір қозғалысының бағытын тап басып тануға қазылық ететін жетекші сала, әлбетте ғылым.
• 19 Маусым, 2018
Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркестеріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық.
• 18 Мамыр, 2018
Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі
Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық заманының елең-алаңында қолына қалам ұстаған жігіттердің арасынан адамдар кітапқа оралады әлі дегенді сеніммен айтқандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы.
• 14 Мамыр, 2018
Сіз бен біз немесе сөздің құны
Ендігінің жазушылық өнер соқпағы аға ұрпақ көріп-білген тағлымнан өзгешелеу. Тұңғыш кітабын шығарған бойда тұсаукесер шарасын өткізіп, үлкен іс тындырғандай сенім ұялаған жүздерді ыңғай ұшырататының бар. Рухани тәжірибесі толысқан жасы үлкендердің алған әсері мен қорытқан ой-пікірлері тап мұндай шараларға ауадай қажет.
• 17 Сәуір, 2018
Қазақ қоғамында ата, ру, жүз дегендердің билер құрылымы өміршең сипат алып отыр дегенге қанша сенбейін десең де, кейбір шаршы топтың алдын кеше туған баланың үйіріп әкетіп тұрғанын көресің. Ата көрген жол біліп, сөз қадіріне жететін кәріқұлаққа айналатын да түбі сондайлар. Ұлттық, ұстанымның бастау көзі әйтсе де томаға-тұйық ахуалдан биік тұрмаса – жалпыадамзат үйлесіміне кірігу қиынға соғатынын аңдайсың.
• 13 Сәуір, 2018
Орыс көркем ойына тереңдеп дендеу ешкімге оңай соғып көрген емес. Қоңсылас қонған көп жұрттар арасынан жан жүрегімен жақындап, ұлттық тілегін оған жалғастыра білген халық дүниеде екеу болса соның бірі қазақ. «Татьянаның қырдағы әні» арқылы сезім дүниесінің өзгеше құбылысымен әуелі Жидебайда табысып ап, сонан күллі даланы шарлай жөнелуінің өзі тегін емес. СаҺараның ұлан асыр төсіндегі көшпенді ел көкейіне нық орнығу үрдісінің кәміл дұрыстығын өмір әлдеқашан дәлелдеді.
• 12 Ақпан, 2018
Орыс көркем ойына тереңдеп дендеу ешкімге оңай соғып көрген емес. Қоңсылас қонған көп жұрттар арасынан жан жүрегімен жақындап, ұлттық тілегін оған жалғастыра білген халық дүниеде екеу болса, соның бірі қазақ. «Татьянаның қырдағы әні» арқылы сезім дүниесінің өзгеше құбылысымен әуелі Жидебайда табысып ап, сонан күллі даланы шарлай жөнелуінің өзі тегін емес. Сахараның ұлан-асыр төсіндегі көшпенді ел көкейіне нық орнығу үрдісінің кәміл дұрыстығын өмір әлдеқашан дәлелдеді.
• 05 Қаңтар, 2018
Қазан революциясының жүз жылдығына орай «Халыққа ол сор болып жабысты ма, жоқ, әкелген жақсылығы бар ма?» деген төтесінен қойылған сұрақ – орыс ой айдынын шымырлатып, бір-бірін қуалаған сөз нөпірінің толқыны жағалаудың біраз аумағын көпіршіген көбікке айналдырып тастағандай. Көкейде жүрген тақырыптар қозғалса да, басқа халықтар тағдырына қатысы шамалы сарын астамшылығын аулай түскен сайын бір түрлі қиянат шеккендей қолайсыз күй кешетіні несі екен? Басқа шығару мен жапа шегудің неше атасын көрген ата-баба халін осындайда тура жақыннан сезіну адам болмысында көп қайталана бермейтін құбылыс.
• 22 Қараша, 2017
Өзі өлсе де орны үңірейе білініп, өнегесі ұмытылмай – талғам-танымына жүгіндірмей қоймайтынның арқасында есімі әрдайым аталып, әруағы санада әрқашан жаңғырып тұратын тұлғалар сирек, сирек те болса барына шүкіршілік етудің өзі біле-білген адамға бір ғанибет екен.