Бағдарламалар • 12 Сәуір, 2019
Қазақ терминологиясы: бүгіні мен ертеңі
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті «Рухани жаңғыру: қазіргі қазақ терминологиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияның мақсаты еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту және рухани даму мәселелеріне қатысты сөздері мен мақалаларында бірнеше мәрте көтерілген «тілімізді терминологиялық тұрғыдан халықаралық деңгейге жақындату» қажеттілігіне негізделген.