Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6636 материал табылды

Қазақстан • 22 Қараша, 2022

Ақпараттық-талдау орталығына А.Байтұрсынұлының есімі беріледі

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Ақпараттық-талдау орталығының» атауы «А. Байтұрсынұлы атындағы Білімді зерттеу мен бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ деп аталатын болды. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім • 22 Қараша, 2022

Білім беру статистикасы кезең-кезеңімен жалпыға қолжетімді болады

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық білім беру деректер қорындағы мәліметтер белгілі бір параметрлер бойынша кезең-кезеңімен жалпыға қолжетімді болатынын айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 22 Қараша, 2022

Құрылыс саласындағы қызметкерлерге сұраныс артты

Қазан айында Электрондық еңбек биржасында 109,2 мың бос жұмыс орны және 59,8 мың түйіндеме орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда жарияланған жұмыс орындарының саны аздап төмендеді (5,6%), ал түйіндеме саны үштен бірге (27,3%) азайды. Ірі қалалармен қатар өнеркәсіптік өңірлерде де кадрлардың жетіспеушілігі сезілуде, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет • 22 Қараша, 2022

Үкіметте аграрийлерді сумен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіп кешенінде су ресурстарын пайдалану жөніндегі міндеттер қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz  Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 22 Қараша, 2022

Алматыдан 264 км қашықтықта жер сілкінді

Бүгін сағат 06:22-де Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кино • 21 Қараша, 2022

«Ақын» фильмі Португалияда бас жүлдеге ие болды

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген Дарежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмі 10-20 қараша аралығында Португалияда өткен Lisbon & Sintra Film Festival 2022 (LEFFEST) кинофестивалінің Бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 21 Қараша, 2022

Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 21 Қараша, 2022

Елордада Сирия бойынша халықаралық кездесу өтеді

22-23 қарашада Астанада Сирия бойынша кезекті 19-шы халықаралық кездесу өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 21 Қараша, 2022

Атырауда алып бала дүниеге келді

Атырауда салмағы 5,7 келі, бойы 64 см болатын алып бала дүниеге келді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сайлау • 21 Қараша, 2022

11 мыңнан астам қазақстандық шетелде дауыс берді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтардың шетелдегі сайлау учаскелеріндегі сайлауға қатысу нәтижеcі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.