Қоғам • 18 Қараша, 2022
Елімізде тұмау мен ЖРВИ өршіп тұр
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова елдегі эпидемиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 18 Қараша, 2022
Мәулен Әшімбаев ТүркПА байқаушыларымен кездесті
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауын бақылау үшін Қазақстанға келген ТүркПА байқаушыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 18 Қараша, 2022
Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды
Оралдан ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға 18 қараша күні сағат 06.15-те жетуі керек болған. Бірақ борт ішіндегі бір жолаушы өзін жайсыз сезінгендіктен, ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қараша, 2022
Шетелге ұшатын жолаушыларды тіркеу уақыты өзгерді
Астана әуежайынан шетелге ұшатын жолаушыларды тіркеу бұдан былай әуе кемесі ұшқанға дейін екі сағат бұрын басталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 18 Қараша, 2022
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Алдағы демалыс күндері, 19-20 қарашада, Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қараша, 2022
Елімізде 699 мыңнан астам адам АӘК алды
2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 135,8 мың отбасындағы 699,1 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 64,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 18 Қараша, 2022
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Қазгидромет 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қараша, 2022
Елордада гендерлік саясат жөнінде конференция өтті
17-18 қарашада астанада Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірлесіп, БҰҰ-Әйелдер құрылымының техникалық қолдау көрсетуімен «Қазақстан дамуының жаңа сатысындағы отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қараша, 2022
Ақмолада 7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыстағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген бақылаудың қорытындысын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Қараша, 2022
Еліміздің жол секторы цифрландырылады
Қазақстанда құрылыс саласын e-Qurylys цифрлы жүйесі арқылы қарқындатып, жұмыс тиімділігін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы AMANAT партиясында өткен Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес жанындағы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің кезектен тыс отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.