Кеше Астананың ономастикалық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес Әл-Фараби даңғылының атауын көшіру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін «Алматы» және «Байқоңыр» аудандарында орналасқан Ақжол, Вишневская және Байырқұм көшелері біріктіріліп, Әл-Фараби даңғылы болып өзгертілген болатын. Қала тұрғындары, Астана мәслихаты мен Қоғамдық кеңес мүшелері, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері бұл көше өндірістік аймақта орналасқандықтан ұлы ғалымның есіміне сәйкес келмейді, осыған байланысты қаланың үлкен және орталық көшелерінің біріне ғалымның есімі берілуі тиіс деген ұсыныстарын бірнеше рет айтқан болатын.
Астананың ономастикалық комиссиясының отырысына Есіл ауданында орналасқан № 38 жобалық атауы бар көшеге ұлы ғалым Әл-Фарабидің есімін беру туралы шешім қабылданды. Бұл көше Тәуелсіздік даңғылындағы салынып жатқан көпірдің артында орналасқан.
Қаланың болашақ жоспарына сәйкес бұл көше Есіл өзенінен басталып, жалпы ұзындығы 7 шақырымнан асатын Қабанбай батыр даңғылына дейін созылатын үлкен даңғылдардың бірі болады.
Қаланың ономастикалық комиссиясының отырысында қаралған ұсыныстар қарау үшін Астана мәслихатының тұрақты комиссияларының жария тыңдауларына, Астана қоғамдық кеңесінің қарауына жіберіледі.
«Ақ жол» үміткерлерін анықтады
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Саясат • Кеше
Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?
Экономика • Кеше
Қоғам • Кеше
Тариф және инвестиция: тығырықтан шығар жол
Сұхбат • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа аманат
Халық • Кеше
Пікір • Кеше
Қарттар үйі: алуан түрлі тағдырлар
Халық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Өндірістік жарақат азаймай тұр
Еңбек • Кеше
56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Мектеп • Кеше
Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі
Білім • Кеше
Қоғам • Кеше
Қылмыс • Кеше
Тарих • Кеше
«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты
Кино • Кеше
Театр • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Поэзия • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экология • Кеше
Жеңіл атлетика • Кеше
Жәдігер • Кеше
Кәсіпқой бокс • Кеше
Спорт • Кеше
Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды
Спорт • Кеше
Қазақстан Ресейдегі Сауда өкілдігін жабуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады
Қазақстан • Кеше
Астана мен Претория арасында әріптестік артады
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар