Оқиға • Бүгін, 12:29

LRT атауы өзгереді

1 мин
оқу үшін

Астана қалалық мәслихатының отырысында депутаттар жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының атауын өзгерту туралы шешім қабылдады. Халық қалаулылары ағылшын тіліндегі атаудан бас тартып, жобаға жаңа қазақша атау беруді қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

LRT атауы өзгереді

Фото: Ерлан Омар/egemen/kz

Талқылаудан кейін мәслихат депутаттары «Тарлан Астана» деген нұсқаны бірауыздан қолдады.

Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады

Қалалық басқарма өкілдерінің мәліметінше, атауды өзгерту барысында елорда тұрғындарынан бірнеше нұсқа келіп түскен:

  • «Сұңқар»;
  • «Лашын»;
  • «Аспан»;
  • «Тарлан» және т.б.

Еске сала кетейік, Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі биыл 16 мамырда іске қосылған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа LRT жүйесінің 001 сериялы жол жүру картасы табысталды.

Соңғы жаңалықтар

LRT атауы өзгереді

Оқиға • Бүгін, 12:29