Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6640 материал табылды

Елорда • 19 Сәуір, 2021

Елорданың кәсіпкерлік субъектілері 35 млн теңгеден астам айыппұл төледі

Елорданың кәсіпкерлік субъектілеріне шектеу шараларын бұзғаны үшін 40 млн теңгеден астам сомаға 200-ден аса айыппұл салынды. Бұл — осы жылдың басынан 16 сәуірге дейінгі аралау барысында қолданылған шара. Мұндай жазаға қарамастан біраз мекеме жұртшылыққа қауіп төндіріп, карантин шараларын бұзуды әлі де жалғастырып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда • 19 Сәуір, 2021

Нұр-Сұлтанда «Автокөліктегі қауіпсіздік» акциясы өтті

Нұр-Сұлтанда автокөліктегі өрттердің көбеюіне байланысты құтқарушылар төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған «Автокөліктегі қауіпсіздік» акциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қоғам • 19 Сәуір, 2021

Елордада иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеу жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласы «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Столичная дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, осы жылдың 13 сәуірінен бері иесіз жертөлелерді дезинсекциялық өңдеуден жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкімет • 19 Сәуір, 2021

Асқар Мамин Цифрландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Премьер-Министр Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда • 19 Сәуір, 2021

Нұр-Сұлтан көшелерінен бір мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Нұр-Сұлтанда қаланы санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр. Коммуналдық сенбіліктер басталғаннан бері 940 тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал рұқсат етілмеген орындардан тағы 72 тонна қоқыс тазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.иыл экологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Қаланы таза ұстау және абаттандыру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізіледі.Бірінші. Санитарлық тазалау және абаттандыруАуқымды жұмыстарға күн сайын 2 200-ден астам жол жұмысшы және бір мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады. Оның барысында көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуу, қоғамдық орындарда (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) тазалық жұмыстарын жүргізу, орамішілік абаттандыру, қурап қалған бұтақтарды кесу сондай-ақ, елорда жолдарын ұзаққа созылған қыстан кейін арнайы сусабынмен жуу жоспарланып отыр.Екінші. Экологиялық акциялар және коммуналдық сенбіліктер10 сәуірден бастап қалада «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы кезеңде полигонға 940 тоннадан астам қалдық шығарылды. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, коммуналдық сенбіліктерге ПИК, құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес субъектілері, белсенді қала тұрғындары және т.б. ұжымдар белсенді қатысуда.Мысалы, әкімдіктің тапсырмасы бойынша құрылыс компаниялары аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіп, дөңгелек жуу пункттерін ашады, кіреберіс жолдарды тегістейді және өзге де абаттандыру ережелері бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары айыппұл төлеуге, жұмыстарын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады.Жалпы алғанда, коммуналдық сенбіліктерге қаланың 1900-ге жуық кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Аудандық әкімдіктер сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп, рұқсат етілмеген орындардан 72 тонна қоқыс шығарды.Үшінші. Ағаш отырғызуЭкологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Биыл барлығы 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Осылайша, Нұр-Сұлтанда жасыл экологиялық аймақтар пайда болады.Төртінші. Жол жұмыстарыҚалада бірқатар жол жұмыстары жүргізілуде: белгілер орнату, жиектастарды қалпына келтіру, шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Өткен жылы 170-тен астам көше жөнделді, оның 100-і тұрғын үй алаптарында орналасқан. Биыл сондай-ақ қаланың ескі бөлігіне, тұрғын үй алаптарына, қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерге және т.б. баса назар аударылатын болады.

Қоғам • 19 Сәуір, 2021

Қостанайлық ер адамнан 105 грамм есірткі тәркіленді

Лисаковск қаласында ер адам тыйым салынған психикалық белсенді заттардың ірі партиясымен қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда • 19 Сәуір, 2021

Елордада 60 мыңға жуық адам екпе алды

Елордада сәуір айынан бастап қала тұрғындарын ғана емес еліміздің өзге өңірлерінен келген азаматтарды да жаппай вакциналау басталды. Сәуір айының басынан бастап шамамен 47 мың адам вакциналанды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экология • 19 Сәуір, 2021

Биыл жасанды жолмен 7 млн бекіре шабағын шығару жоспарлауда

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің балық өсіру кәсіпорындары жыл сайын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстарын жасанды түрде молайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламент • 19 Сәуір, 2021

Палата отырысының күн тәртібі бекітілді

Парламент Сенатының Бюро мүшелері ағымдағы жылдың 22 сәуірінде өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Осылайша, депутаттар Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау бойынша заң жобасын қарайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 19 Сәуір, 2021

Әскери қайраткер Ким Серікбаев дүниеден өтті

Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.