Аймақтар • 13 Шілде, 2022

Қарағанды облысында қарасора өсірумен айналысқан екі ер адам ұсталды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда 33 жастағы жергілікті тұрғынның жеке учаскесін тексеру барысында 451 қарасора бұтасы тәркіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында қарасора өсірумен айналысқан екі ер адам ұсталды

Сондай-ақ Жезқазған қаласының ПБ полицейлерінің назарына 48 жастағы ер адам түскен. Оған да тиесілі саяжайды тексеру кезінде жеті түп қарасора табылып, тәркіленді.

Ұсталғандар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өздері үшін өсіргендерін түсіндірді.

Аталған фактілер ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.