Қоғам • 14 Шілде, 2022

Алматыда қару-жарақ арсеналы сақталған тағы бір орын табылды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері ҰҚКД-нің көмегімен Медеу ауданындағы бағбандық серіктестіктердің бірінің аумағынан қару жасырылған орын тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда қару-жарақ арсеналы сақталған тағы бір орын табылды

Қару жасырылған жерде қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде Алмалы ауданындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған Сайга-410К тегіс ұңғылы карабин, ПМ травматикалық тапаншасы, 2 ИЖ тегіс ұңғылы мылтығы, Макаров жүйесі тапаншасының патрондары, 9 мм калибрлі, 12 калибрлі патрондар, сондай-ақ 7,62 калибрлі патрондар жасырылған.

Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Аталған дерек Медеу аудандық ПБ-да ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Арсеналдың қайдан шыққаны тергеу амалдары мен жедел іс-шаралар жүргізілгеннен кейін белгілі болады.