Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6622 материал табылды

Білім • 12 Қаңтар, 2024

Астанада мектеп оқушылары онлайн оқитын болды

Елордада ауа райына байланысты бiрiншi ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 11 Қаңтар, 2024

Астанада күрес түрлерінен ел чемпионаты өтеді

Астана қаласында 1-5 ақпан күндері ересектер арасында грек-рим, әйелдер және еркін күрестен ел біріншілігі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қоғам • 11 Қаңтар, 2024

Қорғаныс министрі гарнизондардағы әскери нысандарға инспекция жасады

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматы және Қонаев гарнизондарында әскери инфрақұрылым нысандары мен медициналық-әлеуметтік мекемелерде болды, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 11 Қаңтар, 2024

Мәулен Әшімбаев шекарада тауарларды тексеру туралы: «Егер серіктестеріміз тексеріп жатса, біз де тексеруіміз керек»

Сенаттың жаңа жылдағы алғашқы отырысы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылаумен басталды. Ресеймен шекарада Қазақстан кәсіпкерлерінің өнімдерін тексеру мерзімінің ұзақтығы отандық өндірушілер үшін проблемаға айналып отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бұл ретте ережелер барлық қатысушылар үшін бірдей болу керектігін айтып, осы түйткілге қатысты Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті жедел тиісті шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 11 Қаңтар, 2024

3 миллион азамат алғашқы медициналық көмек ала алмай отыр - сенатор

3 миллионға жуық халық алғашқы медициналық-санитарлық көмектен тыс қалып келеді. Сенатор Ақмарал Әлназарова өзінің депутаттық сауалында МСАК көрсетуге байланысты проблемалар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент • 11 Қаңтар, 2024

Қостанай облысының әкімі Президентке есеп берді

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады. Президентке Қостанай облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 11 Қаңтар, 2024

Заңсыз берілген 10 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі заңсыз берілген әрі бос жатқан 10 млн гектар жер мемлекетке қайтарылғанын мәлім етті. Оның 2,8 млн гектары жергілікті фермерлерге, өңірлердің тұрғындарына қайта бөлінген. Бұдан бөлек, осыған дейін пайдаланылмаған 3,4 миллион гектар жерді иелері игеруге кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 11 Қаңтар, 2024

Қазақстанда ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жаңа ақпараттық жүйе таныстырылды. Аталған ұлттық цифрлық инвестициялық платформа биыл іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2024

Жамбыл облысында 201,2 мың га жер мемлекетке қайтарылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер мәселелері бойынша тексеру жүргізуге берген тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүзеге асып келеді. Өткен жылы облыста бос жатқан 201,2 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды,  деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық • 10 Қаңтар, 2024

Қазақстанда 930 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды

Елімізде қызылшаға қарсы қосымша вакцинациялау шеңберінде 930 мыңнан астам адам екпе алды. Бұл нысаналы топтың 62%-ын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.