Қоғам • 30 Қазан, 2020
Ахметжан Есімов Сума Чакрабартимен кездесті
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі кеңесшісі Сума Чакрабарти Қордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 30 Қазан, 2020
Француз компанияларына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері Қазақстан-француз "дөңгелек үстелі" мен екі елдің іскерлік кеңесінің отырысы барысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коронавирус • 30 Қазан, 2020
Коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 2 адам қайтыс болды
Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмониямен 195 адам ауырды, 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 30 Қазан, 2020
Өткен тәулікте 128 адам індеттен айықты
Қазақстанда өткен тәулікте 128 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 29 Қазан, 2020
Асқар Мамин Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады
Премьер-Министр Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 29 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін табысты қорғап, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті. Президенттің сөзінше, бүгінгі күні кәсіпкерлік ел экономикасының қозғаушы күшіне айналды деуге толық негіз бар, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 29 Қазан, 2020
Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдаланады
Халықты және экономика салаларын сумен қамту, ластануың алдын алу, трансшекаралық өзендер суының таусылуы және тағы басқа мәселелер Новосибирск қаласында өткен Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Ресей Бірлескен комиссиясының отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2020
Қазақстан-Литва жұмыс тобының екінші отырысы өтті
Бейнеконференция арқылы туристік қызметтер мен өнімдерді жылжыту бойынша Қазақстан-Литва жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қазан, 2020
Ақмолалық құтқарушылар бес тәулік бойы жоғалған балықшыларды іздестіруде
Ақмола облысы Астрахан ауданында құтқарушылар бес күн бойы балықшыларды іздеп жүр. Үш дос бірге көлдің жағасында балық аулап, жоғалып кетті, іздеу орындарында жағадан бір шақырым қашықтықта қамыс үстінде төңкерілген металл қайық табылды. Оқиға Ұзынкөл ауылдық округінің аумағында, Баршын көлінің маңында болған, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 29 Қазан, 2020
Алматы облысында цехта жарылыс болды
29 қазанда сағат 11.31-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қағаз кептіруге арналған қазандықтың жарылғаны және ішінара шатырдың құлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнында өрт болған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.