Әлем • 09 Қараша, 2020

Ливанда метеорит құлады

1061 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ливанның солтүстігіндегі Аккар провинциясында метеорит құлап, өрт шықты. Бұл туралы Ливанның ұлттық агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ливанда метеорит құлады

Агенттік хабарлағандай, Аль-Талиль елді мекенінің тұрғындары аспанда ұшып бара жатқан сфералық формадағы метеоритті көріп таң қалған. Ол жазық жерге қонған, содан кейін плантацияларда өрт басталған.

Елді мекен тұрғындары бұл оқиғаны "біртүрлі құбылыс" деп атап отыр.