Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6696 материал табылды

Президент • 08 Қазан, 2020

Президент азаматтарды сапалы препараттармен вакциналауды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға азаматтарды отандық және импорттық сапалы препараттармен вакциналауды тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 08 Қазан, 2020

"Ауыл – ел бесігі" жобасында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселесі ескерілмеген - сенатор

Сенат отырысында Әли Бектаев Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Өз сауалында сенатор "Ауыл – ел бесігі" жобасын іске асыру кезіндегі олқылықтар мен осы бағыттағы өзекті проблемаларға назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент • 08 Қазан, 2020

Сенаторлар шағын және орта бизнестің даму мәселелерін талқылады

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Парламенттік тыңдауға дайындық барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басшылығымен кездесіп, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парламент • 08 Қазан, 2020

Сенатта аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсету жайы талқыланды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары атаулы әлеуметтік көмек көрсету аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экология • 08 Қазан, 2020

Елордадағы арнайы мектеп тәрбиеленушілері аулаға көшет отырғызды

Нұр-Сұлтан қаласының №2 арнайы мектебінің балалары білім беру ошағының ауласында ағаш көшеттерін отырғызды. Іс-шара "Туған жер" экологиялық қозғалысының "Әр балаға – өз ағашы" жобасы аясында және Мемлекет басшысының елді жасылдандыру тапсырмасы негізінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 08 Қазан, 2020

МӘМС жүйесінде балалар мен жүкті әйелдерге тегін стоматологиялық көмек көрсетіледі

Биылғы жылдың 8 айында көрсетілген 156539 стоматологиялық қызмет үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры  266 миллион теңге төледі, деп хабарлайды Egemen.kz "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 08 Қазан, 2020

"Самұрық-Қазына" қоры орнықты дамуды қамтамасыз ететін озық қорлардың топ-20 тізіміне енді

Біріккен Ұлттар Ұйымы "Самұрық-Қазына" АҚ орнықты дамуды қамтамасыз ететін 20 озық қор тізіміне қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 07 Қазан, 2020

Қазалы ауданында 8000-нан астам тұрғын табиғи газдың игілігін көреді

Қызылорда облысы Қазалы ауданының ауылдары көгілдір отынның игілігін көрмек. Ғани Мұратбаев ауылына кварталішілік газ құбырларының құрылысы жүруде. Бұл үшін облыстық бюджеттен 239,507 млн теңге қаржы бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 07 Қазан, 2020

4,5 мыңға жуық медицина қызметкері біржолғы әлеуметтік төлем алды

COVID-19-бен күресуге тартылған 4 494 медицина қызметкері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райы • 07 Қазан, 2020

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.