Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6628 материал табылды

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда жалған банкноттар саны екі есе азайды

Қазақстанда 2020 жылғы жеті ай аралығында жалпы сомасы 1,2 млн теңге құрайтын 381 жалған банкнотасы анықталды. Бұл туралы Egemen.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Талдықорғанда студенттер жатақханасы пайдалануға берілді

Бүгін Талдықорғанда студенттерге арналған 288 орындық көпқабатты жаңа жатақхана ғимараты пайдалануға берілді. Елбасының «5 әлеуметтік бастамасының» аясында жатақхана құрылысы өткен жылы қолға алынып, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2,3 млрд. теңге жұмсалды. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Түркістандық азаматша мемлекеттік қолдаудың арқасында тігін цехын ашты

Түркістандық кәсіпкер Роза Алдашова мемлекеттік қолдаудың арқасында жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Ол 2016 жылы «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 7 пайызбен 32 705 225 теңге несие алып, сол қаржыға тігін цехын іске қосқан. Қазіргі таңда онда 20-22 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Өмірзақ Шөкеев Түркістанда биыл іске қосылатын жаңа нысандарды аралады

Биыл жыл соңына дейін Түркістан қаласында 15 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.  Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген жаңа нысандарды аралап, құрылыс барысын бақылады. Аймақ басшысы аралап көрген Конгресс орталығы, Оқушылар сарайы, стадионның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жиһаздары қойылып, абаттандыру және газонды толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Ақтөбеде “Тұрмыс” жедел алдын алу іс-шарасы өтті

12-30 тамыз аралығында тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін 1600-ден астам ақтөбелік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2020

Денсаулық сақтау министрлігі жолдауда жарияланған тапсырмаларды орындауға кірісті

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауындағы тапсырмалар бойынша баяндама жасады. Премьер-Министр Асқар Маминге осы жылы және алдағы уақытта атқарылатын жоспарларын жеткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz .

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2020

Айдын Айымбетовтың ғарышқа ұшқанына 5 жыл

Айдын Айымбетов 5 жыл бұрын, 2015 жылғы 2-ші қыркүйекте ғарышқа ұшып, үшінші қазақ ғарышкері атанды. 

Елорда • 02 Қыркүйек, 2020

Елорда әкімі аулаларды абаттандыру барысы туралы айтты

Қазір келесі жылы абаттандырылатын аулалар мен қоғамдық кеңістіктер тізімі дайындалуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 02 Қыркүйек, 2020

Қазақстанда бизнес-ахуалды одан әрі жақсартудың шаралар кешені қабылданады

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндама жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 02 Қыркүйек, 2020

Алматыда қалалық кітапхана жүйесінің 10 бөлімшесі қайта жаңғыртылуда

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада қалалық кітапхана жүйесінің 10 бөлімшесі қайта жаңғыртылып жатқанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.