Президент • 15 Қыркүйек, 2020

Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қайрат Келімбетовті қабылдады

Президентке жаңадан құрылған Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құрудың тәсілдері, оның ішінде Агенттік Ережесінің жобасы, штаттық саны мен оның жылдың соңына дейінгі қысқа мерзімде атқаратын қызметі туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды толғандырған мәселелер мен ұсыныстарды сараптап, пысықтауды, сондай-ақ, Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған міндеттерді іске асыруды тапсырды.