Президент • 14 Желтоқсан, 2023
Президент Қазақстан-Нидерланд матчын тамашалайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Нидерланд командасына қарсы ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасына қолдау көрсету үшін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 14 Желтоқсан, 2023
Сенатта жалпыға бірдей декларациялау мәселесі талқыланды
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023
Медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі 100 млрд теңгеден асады - сенатор
Еліміздегі көптеген медициналық ұйымдар соңғы үш жылда қаржы жағдайы бойынша қиындыққа тап болды. Сенатор Ақмарал Әлназарова өзінің депутаттық сауалында медициналық ұйымдардың несие бойынша берешегіне қатысты мәселелер туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 14 Желтоқсан, 2023
«Тақиялы періште» ағылшынша сөйлесе... Америкалықтар қазақтарға ерекше сый жасады
Қазақстандағы АҚШ елшілігі Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады. Елшілік қызметкерлері қазақ көркем фильмдерін ағылшын тілінде дыбыстап, көпшіліктің ризашылығына бөленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023
Балықшылар ескере бермейтін жайт. Мұз үстіне қалай қауіпсіз шығуға болады?
Балық аулауды кәсіпке айналдырғандар үшін ауа райының қай мінезі де тосқауыл емес. Десе де қыстыгүні көлдің басына қос тігіп, сүйменмен ойық ойып балық аулайтындар жазатайым оқиғалардың алдын алғаны дұрыс. Осы ретте ШҚО ТЖД құтқарушылары мұз үстінде профилактикалық рейд жүргізіп, балықшыларға мұз бетіне қалай қауіпсіз шығу керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2023
Алматы облысында жоғалып кеткен шопандар табылды
Алматы облысының Жамбыл ауданында қой бағып жүрген екі шопан жоғалып кеткен. Оларды Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары іздеп тапты. Екеуі де дін аман, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 12 Желтоқсан, 2023
Астанада Қазақстанның үздік тауарлары анықталды
Бүгін елордада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық-көрме байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауда «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жүлделер берілді. Енді байқау лауреаттары мен дипломанттары байқаудың эмблемасын төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Желтоқсан, 2023
Инвесторлар келесі жылдан бастап үш жылға салықтан босатылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімінде инвесторлар келесі жылдан бастап үш жылға салықтан босатылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2023
Президент Серік Жұманғаринге бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысына вице-премьер өзі жетекшілік ететін сауда, интеграция, ауыл шаруашылығы салаларындағы қазіргі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысына дайындық барысы, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2023
Қазақстан мен Италия мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Қазақ көшпенділерінің ХIX-XX ғасырларда пайдаланған зергерлік бұйымдары, ат әбзелдері, тұрмыстық заттары мен музыкалық аспаптары, жалпы қазақ елінің тарихы мен бүгіні Италияда үлкен резонанс тудырды. Неапольдағы Castel Nuovo сарайында Алматы тарихы музейі «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» халықаралық көрмесін ұйымдастырды. Оны 10 мыңнан астам қала жұрты мен турист келіп тамашалаған. Енді қабылдаушы тарап осындай көрмені Италияның басқа қалаларында да өткізуді сұрап отыр. Жергілікті БАҚ өкілдері қазақ халқының мәдениеті мен музей қорының бай коллекциясы көрмеге келушілерді таң қалдырғанын жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.