Фото: Астана әкімдігі
Мереке күндері орталық саябақта палау әзірленеді. Астаналықтар үшін мерекелік тағамдарды Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Әзербайжан елдерінің аспаздары дайындайды. Бұдан бөлек, XVIII ғасырлық тарихи қазанда хан сорпасы әзірленеді.
Мейрамға Тәжікстан мен Иран елшіліктері атсалысады. Олар ұлттық нақыштағы киіз үйлерді безендіріп, өз мәдениеттеріндегі Наурыздың айырмашылығы мен ерекшеліктері туралы әңгімелейді.
Мерекелік шараның шақырылған қонақтары «Барыс» хоккей клубының жұлдыздары болмақ. Олар киіз үйде қолтаңба таратып, спорт сүйер қауыммен кездеседі.
Жаппай тойлау кезінде қонақтар тақырыптық фото аймақтарда, ұлттық киіз үйлерде батырлармен, домбырашылармен, тазымен және бүркітпен естелікке суретке түсе алады.
Мереке Тұран даңғылындағы орталық саябақта сағат 13:00-де басталады.