Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6620 материал табылды

Қазақстан • 09 Сәуір, 2019

Теміржол билеттерін пошта бөлімшелері арқылы сату ондаған есе артты

«Қазпошта» АҚ пошталық бөлімшелері арқылы аудан бөлімшелері мен ауылдық округ тұрғындары 200 мыңнан астам теміржол билеттерін сатып алған. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 09 Сәуір, 2019

С.Омаров: Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 200 млрд теңге бөлінеді

«Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберіндегі жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша бөлінген 600 млрд теңге кредит қаражатының 200 млрд теңгесі агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров мәлімдеді.

Экономика • 09 Сәуір, 2019

Р.Дәленов: Шағын және орта бизнестің өнім шығару көлемі 23 трлн теңгені құрады

2017 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің өнім шығару көлемі 23 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов мәлімдеді.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2019

Жаңа студенттік жатақхананың ашылу рәсімі өтті

Тұңғыш Президент - Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 6 сәуірде Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері тұратын 350 орынға арналған жаңа студентік жатақхананың ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 09 Сәуір, 2019

Алматыда «Бюджетке қатысу» пилотты жобасы қолға алынады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қоғамдық кеңестің отырысында келер жылдан бастап «Бюджетке қатысу» пилотты жобасын қолға алуды ұсынды. Мұнда қаланың әр ауданына нақтылы сома аударылады, ал оны тұрғындардың өздері ең маңызды бағыттарға бөлетін болады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 09 Сәуір, 2019

Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі тағайындалды

Сұлтанбек Мәкежанов Алматы қаласы Медеу ауданының жаңа әкімі атанды. Мегаполистің орталық аудандарының бірін бұрын басқарған Ержан Жылқыбаев Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 09 Сәуір, 2019

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Мұхит Әзірбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 08 Сәуір, 2019

Д. Назарбаева ЕҚЫҰ төрағасымен кездесті

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Словакияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчакпен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 08 Сәуір, 2019

Арман Жұмабеков Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2019

Түркістан облысында үш индустриалды аймақ дамытылады

Түркістан облысындағы 9 индустриалды аймақтың арасынан шина құрастыру, азық-түлік өндірісі мен жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясына белсенді серпін беретін 3 индустриалды аймақ таңдап алынып, дамытылады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отыз жетінші сессиясында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.