Президент • 14 Мамыр, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жан-Арай» агроиндустриялық кешенінің жұмысымен танысты

998 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы күріш өңдеу ісіне мамандандырылған агроиндустриялық кешенде болып, оның жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жан-Арай» агроиндустриялық кешенінің жұмысымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа зауыттың негізгі шығаратын өніміне қатысты мәлімет берілді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен әңгімелесіп, бұл саланы өркендетудің басты бағыттарын атап көрсетті.

– Ауыл шаруашылығы – әлеуеті өте зор, стратегиялық маңызды сала. Бұл саладағы мәселелерді жақсы білеміз. Мемлекет оларды шешудің барлық мүмкіндіктерін қарастырады, – деді Мемлекет басшысы.


Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев өңір еңбеккерлеріне зор табыс тіледі.