Қазақстан • 01 Сәуір, 2019
СІМ: Халықаралық ақпарат комитетіне жаңа басшы келді
Тимур Шаймергенов Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2019
«Ашық әлем. Жас турист. Жасөспірім іздеуші» атты облыстық форум өтті
Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы туризм саласынан нәпақа іздеген жандардың назарын өзіне аударып жүрген жерұйық мекеннің бірі. Таяуда осы аудандағы Бектауата баурайында туристік-өлкетанушылар экспедициялық жасақтарының «Ашық әлем. Жас турист. Жасөспірім іздеуші» атты облыстық форумы өтті.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2019
Қызын өрттен құтқарып, өзі ажал құшты
Бір адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиға Қызылжар ауданы Архангелка ауылында орын алған.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2019
Баянауыл ауданында қайғылы оқиға болды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ұзынбұлақ ауылында ысты газдан улану салдарынан Бекбатыровтар отбасы ата-анасы, 4, 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза таптқан.
Әлем • 07 Ақпан, 2019
Қазақстан мұнайын тасымалдаушылар Босфорда тоқтап тұр
Түркия билігі бұғаздан өтудің жаңа ережесін қабылдауына байланысты 41 миллион мұнай баррелі тиелген қазақстандық және ресейлік танкерлер Босфор мен Дарданеллаға өтер жолда тоқтап тұр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2019
Жүкті әйел Арқалық ауруханасына аман жеткізілді
Қардың қалың түсуінің, ауа температурасының төмендеуінен, көру мүмкіндігінің қиын және жолдардың кейбір тұстарын қар басып қалуының салдарынан елді мекендер мен автокөліктерге құтқарушылардың көмегі ауадай қажет болып тұр.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2019
Рудныйда жол қауіпсіздігін бақылайтын құрылғы орнатылды
Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігінің бастамасымен Рудный қаласының көшелеріне «Жаяу жүргінші торы» деп аталатын екі ақпараттық-ескертпе құралы орнатылды. Кен алыбының бұл бастамасы қаладағы жол қозғалысы кезінде жүргіншілер қауіпсіздігіне септесу мақсатынан туған еді.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2019
«Орал» халықаралық әуежайы» ҚПО қаржысына жөнделеді
Оралда халықаралық әуежай кешенін жаңғырту жобасы қолға алынды. Жобаның құны шамамен 2,7 млрд теңгені құрайды. Құрылыс ҚПО б.в компаниясының әлеуметтік-инвестициялық жобалары шеңберінде қаржыландырылмақ.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2019
Батыс Қазақстанда мемлекеттік қызметші негізсіз үстеме жұмысқа тартылмайды
Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметші құқықтарының сақталуы, соның ішінде негізсіз үстеме жұмысқа тартылмауы қатаң қадағаланады. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі БҚО бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Жақсат Мұратов мәлімдеді.
Қазақстан • 07 Ақпан, 2019
Батыс Қазақстанда жолаушы тасымалы субсидияланды
2019 жылы Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар автобус маршруттарын субсидиялау үшін облыс бюджетінен 70 млн теңге бөлінді. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Медет Шақаев мәлімдеді.