Жанболат Кенжеғұл
Жанболат Кенжеғұл«Egemen Qazaqstan»
7531 материал табылды

Аймақтар • 01 Маусым, 2021

Шымкентте қоғамдық көліктер жаңартылды

Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік 100 жаңа автобуспен толығып, 6 жаңа бағыт ашылды. Қоғамдық көліктердің кілтін табыстауға қала әкімі М.Әйтенов қатысып қызметкерлерге сәттілік тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 01 Маусым, 2021

«Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолында көлік апатынан екі адам қайтыс болды

«Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолында болған жантүршігерлік апаттан екі адам қайтыс болды, 4 жасар бала зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға • 01 Маусым, 2021

«Бомба қойылған»: Павлодарда мектептер мен колледжден адамдар эвакуацияланды

Бомба туралы хаттар оқу орындарының электронды мекенжайларына келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус • 01 Маусым, 2021

Елімізде 1845 науқас коронавирустан емделіп шықты

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 1845 адам коронавирус індетінен айықты деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус • 01 Маусым, 2021

Қазақстанда 1123 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 1123 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Хоккей • 31 Мамыр, 2021

«Сарыарқаға» латвиялық шабуылшы ауысып келді

Латвиялық шабуылшы Данила Ларионов «Сарыарқа» хоккей клубына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2021

Жыл басынан бері 2 мыңнан астам ата-анаға айыппұл салынды

Жыл басынан бері 2 мыңнан астам ата-анаға балаларын тәрбиелеуден жалтарғаны үшін айыппұл салынды, тағы 300-ге жуығы ата-ана құқықтарынан айырылды. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2021

Соңғы 3 жылда 187 бала өрт құрбанына айналған

Әр жылдары балалардың тентектігі мен қателігі салдарынан 300-ден аса өрт шыққан. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов осындай деді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстан • 31 Мамыр, 2021

Инвесторларға сервистік қолдау тәулік бойы көрсетіледі

Қазақстанда Call-center арқылы инвесторларға сервистік қолдау тәулік бойы көрсетіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан • 31 Мамыр, 2021

Инвестициялар бойынша жоспардың орындалуы жыл сайын бағаланатын болады

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі және тікелей шетелдік инвестициялар бойынша 5 жылдық нысаналы көрсеткіштер белгіленген. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарларына инвестициялар тарту және инвесторлармен жұмыс істеу бойынша міндеттер қойылған. Бұдан басқа, жыл сайынғы негізде оларға қол жеткізу және инвестициялар жөніндегі жоспарды орындау бойынша өңірлер рейтингі жүргізілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.