Хоккей • 31 Мамыр, 2021

«Сарыарқаға» латвиялық шабуылшы ауысып келді

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Латвиялық шабуылшы Данила Ларионов «Сарыарқа» хоккей клубына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сарыарқаға» латвиялық шабуылшы ауысып келді

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Хоккейшімен келісімшарт екі маусымға жасалған.

Данила - Рига хоккей мектебінің түлегі. Мансабын шетелде, Американ жастар хоккей лигасында бастаған. 2020/21 жылғы маусымында ол ҚХЛ-да «Динамо» (Рига) сапында өнер көрсетті. 10 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берген. Сол маусымда ол «Рига» жастар хоккей клубы сапында 32 матч өткізіп, 23 (11+12) ұпай жинады.