Видео • 20 Қазан, 2019
Бүгін Ақмола қаласын ел астанасы ретінде жариялау туралы жарлық шыққан күн (видео)
1997 жылы 20 қазанда еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын Елбасы Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге ұсыныс жасады. Ал бүгін Ақмола қаласын ел астанасы деп жариялау туралы шыққан жарлыққа 22 жыл толып отыр.
Қазақстан • 17 Қазан, 2019
Жерді ғарыш мониторингі арқылы зерттейді
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері жаңа жобаны қолға алды.
Аймақтар • 12 Қазан, 2019
Сергей Громов Мақтаарал ауданында құрылысы жүріп жатқан ПУИД-2 жобасының жұмыс барысымен танысты
ҚР-ның экология, геология және табиғи ресурстарды пайдалану вице-министрі Сергей Громов және ҚР-ның экология, геология және табиғи ресурстарды пайдалану министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Арман Тұрлыбек Түркістан облысы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, жалпы құны 39 миллиард теңгені құрайтын ПУИД-2 жобасының жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Видео • 11 Қазан, 2019
Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысты (видео)
Қасым-жомарт Тоқаев біраз бұрын Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездескен болатын. Ал қазір Президент ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысуда.
Қазақстан • 08 Қазан, 2019
Мекенжай анықтамасы күшін жояды
Қазақстанда ең көп сұраныс жасалатын мекенжай анықтамасы енді атымен болмайды. 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап мекенжай анықтамасын алып тастайды. Бұдан былай азаматтардың тұрғылықты мекенжайы туралы мәлімет мемлекеттік органдардың біріктірілген базасында сақталады.
Қазақстан • 07 Қазан, 2019
Кепілдендірілген әлеуметтік топтама неліктен 1 жасқа толмаған балаға берілмейді - Біржан Нұрымбетов
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кепілдендірілген әлеуметтік топтама неліктен 1 жасқа толмаған балаға берілмейтіндігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Видео • 03 Қазан, 2019
Америкалық инженер Илон Маск Starship ғарыш кемесін таныстырды (видео)
«Starship» прототипінің биіктігі – 50 метр, диаметрі – 9 метр. Ғарыш кемесі алдағы 1-2 айда сынақтан өтеді.
Видео • 27 Қыркүйек, 2019
Б.Майлиннің ұрпақтары Қостанайда бас қосты (видео)
Көрнекті жазушысы, әңгіме жанрының шебері Бейімбет Майлиннің 125 жылдығы оның туған жерінде кең көлемде атап өтілді. Жиналған көпшіліктің ішінде жазушының ұрпақтары да болды.
Технология • 27 Қыркүйек, 2019
Ақтау қаласында «CIO and Digital Professionals Workplace 2019» конференциясы өтті. Жиын барысында «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау мен Түркістан облыстары әкімдіктері бастаған бірқатар компаниямен меморандумдарға қол қойды. Ынтымақтастық аясында тараптар Ақтау, Түркістан және Арыс қаласында Smart City қанатқақты қызметін іске қосуға арналған жобаларды енгізу мүмкіндігін қарастырады.
Руханият • 26 Қыркүйек, 2019
Қостанай облысында Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай іс-шара өтіп жатыр (фоторепортаж)
Қостанай облысында жазушы Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына байланысты іс-шара өтіп жатыр. Оған Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев және «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы Айбын Шағалақ қатысты. Жиналғандар классик жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.