Екінші таулы кезеңде шабандоздар 160 шақырым жүрді. Бұл кезең Tour of Almaty жарысының бет-бейнесіне айналды. «Халық Аренадан» бастау алған екінші кезең Шығыс айналма жолы арқылы өтіп, әл-Фараби даңғылына келді. СосынМұстафин көшесінің маңындағы айналма жолдан Халилин көшесіндегі күрмеуге жетті. Сосын 4,5 айналымнан соң пелетон Тұңғыш Президент саябағынан «Медеу» мұз айдынына қарай финалдық бөлімге ұласты.
Жарыс барысында шабандоздар бірнеше мәрте шабуылдар жасап, қызу бәсекеге түсті. Соның ең маңызды тұсы мәреге 2 шақырым қалғанда орын алды. Astana Pro Team шабандозы Юрий Натаров Gazprom-RusVeloшабандозы Николай Черкасов Amore&Vita-Prodir командасының өкілі Данило Челано үшеуі негізгі топтан суырылып алға шықты. Осы үштік жүлделерді сарапқа салды.
Челано екінші кезеңнің жеңімпазы атанса (3:51:57), Черкасов – екінші келді (+0,01). Ал Натаров үшінші келгенімен (+0,04) бір күн бұрынғы жаппай спринттегі уақытының арқасында жалпы жарыстың жеңімпазы атанды. Отандасымыз Gazprom-RusVelo командасының мықтысы Александр Власовтан 26 секундқа, ал Челанодан 38 секундқа басым түсті.