Қоғам • 15 Қыркүйек, 2020
«Бір жылдық үзіліс» көштен қалу ма?
Кейбір ережелердің уақыт өте ескіруі мүмкін. Бүгінгі пандемияның өзі көзқарастарымызды қайта қарап, бойдағы әдеттеріміздің бірсыпырасын заман талабына сай өзгертуге мәжбүрледі. Ендігі кезекте онлайн жиын ұйымдастыру, онлайн оқу қалыпты жағдайға айналды. Жастар арасында да әбден қалыптасып қалған бір түсінік бар. Ол – мектепті бітіргеннен кейін бірден оқуға түсу. Мектепті тәмамдаған соң ешкімнің де «бір жылдық үзіліс» алғысы жоқ.
Сұхбат • 15 Қыркүйек, 2020
Кадрлық резерв – сабақтастық жолы
Максим Споткай есімі көпшілікке бұрыннан таныс. Павлодар облысындағы Ақсу қаласының тумасы, тәуелсіздіктің төл кұрдасы Максим бұған дейін Nur Otan партиясында, Президент Әкімшілігінде еңбек етті. Омбы қаласындағы техникалық университетте оқып жүрген кезінде көрші елде қазақ тілінен сабақ беріп, мәдени-танымдық газетті басқарған ол бүгінде Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етеді. Парламентке жаңа мақсаттар мен тың идеяларды арқалап келген жас маманды Президенттің кадрлық резерві, мемлекеттік басқару жүйесі туралы әңгімеге тартқан едік.
Экономика • 14 Қыркүйек, 2020
"Астана" халықаралық қаржы орталығы ел экономикасын қалай түрлендірді?
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 14 Қыркүйек, 2020
Кадрлық резерв – мемлекеттің маңызды бастамасы
Елорда төрінде Президенттік жастар кадрлық резерві мүшелері еліміздің бірқатар министрімен кездесіп, Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауын талқылап, саяси жүйеге қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин, Президент көмекшісі Ерлан Қарин қатысты.
Әлем • 14 Қыркүйек, 2020
АҚШ-тың бірнеше штаты өртке оранды. Оған маусымдық орман өрті себеп. АҚШ президенті Дональд Трамп өрттен үлкен жапа шеккен Калифорния штатына жұмыс сапарымен барады.
Әлем • 14 Қыркүйек, 2020
Университет вакцина сынамасын жалғастырады
Оксфорд Университеті AstraZeneca компаниясымен бірлесіп жасап жатқан COVID-19 вакцинасын сынауды қайта қолға алды. Зертханалар вакцинаның кері әсері туралы хабар алғаннан кейін жұмысын тоқтатқан болатын. Сенбіде университет басшылығы вакцинаның қаупі жоғы дәлелденгенін, жұмыс жалғасатынын хабарлады.
Әлем • 14 Қыркүйек, 2020
Коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді
Сенбіде Франция бойынша COVID-19 жұқтырған 10 мың адам тіркелді. Бұл коронавирус пандемиясы басталғалы бері ең үлкен көрсеткіш болып отыр. Үкімет бір тәулікте осынша адамның вирус жұқтырғаны алаңдататын жағдай екенін мәлімдеді.
Әлем • 11 Қыркүйек, 2020
Климаттық өзгеріс халықтың азаюына әкеледі
Басылымның жазуынша, жаһандық климаттық дағдарыс салдарынан 30 жылдан кейін әлем халқы 1,2 млрд адамға азаяды. Мұндай шешімге Сидней Экономика институтына қарасты Экологиялық қауіп регистрінің «Климаттағы өзгеріс әлемдегі бейбітшілік пен дамуға кері әсер етіп, адам өліміне әкеледі» деген гипотезасы себеп болып отыр.
Әлем • 11 Қыркүйек, 2020
Грекиядағы мигранттар аралында апат болды
Кеше Грекиядағы босқындар шоғырланған Лесбос аралында да өрт шықты. Арнайы лагерьлерде тұрып жатқан мигранттар панасыз қалып, далада қонуға мәжбүр болды. Адам өмірін жалмап, үлкен зиян келтірмесе де, Еуропаның босқындар саясаты сынға ұшырады.
Әлем • 11 Қыркүйек, 2020
Ливан астанасы Бейруттағы портта өрт шықты. Тілсіз жаудың пайда болу себебі туралы нақты ақпарат берілген жоқ. Алайда өрт аумағы ауқымды екені хабарланды.