Әлем • 11 Қыркүйек, 2020

Грекиядағы мигранттар аралында апат болды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Грекиядағы босқындар шоғырланған Лесбос аралында да  өрт шықты. Арнайы лагерьлерде тұрып жатқан мигранттар панасыз қалып, далада қонуға мәжбүр болды. Адам өмірін жалмап, үлкен зиян келтірмесе де, Еуропаның босқындар саясаты сынға ұшырады.

Грекиядағы мигранттар аралында апат болды

Грекияның Миграция вице-министрі Гиоргос Кумцакос «Осындай жағдайға миграция мен пандемияның қатар келуі әрекетімізді қиындата түсті. Мұның салдары болары да анық», деді. Азаматтарды қорғау құрылымы босқындарды вирустан сақтау мақсатында Лесбос аралында төрт айлық карантин режімін жариялаған-ды.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, өрт сол лагерьдегі ашулы халықтан шыққан. Олар аралда 35 адамнан коронавирус тестінің оң нәтиже бергенін естіп, тәртіп бұзған.

Енді босқындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін Грекия үкіметі 3 кеме жіберіп, 13 мыңға жуық адамды Мория деп аталатын жаңа лагерьге орналастырып жатыр. Босқындар арасында 400 бала бар. Енді бұл азаматтар тест тапсырып, вирустың бар-жоғы анықталады. Грекия үкіметі 15 күндік карантин мәселесін де қарастырып жатқанын хабарлады.