Спорт • Бүгін, 16:15

Дзюдо: Абиба ойынын сәтті бастады, Елдос үшінші айналымға шықты

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.

Дзюдо: Абиба ойынын сәтті бастады, Елдос үшінші айналымға шықты

48 келі салмақта сынға түсіп жатқан Абиба алғашқы айналымда израильдік Шира Ришориден "ваззари" ұпайы бойынша басым түсті.

Осылайша, қазақстандық балуан Олимпиада ойындарының келесі айналымына жолдама алды.

Париж Олимпиадасындағы дзюдо бәсекесі жалғасуда. Қазақстандық Елдос Сметов турнирдің үшінші айналымына шықты.

60 келі салмақта белдесетін Елдос Сметов екінші кезеңде украиналық Ділшот Халматовтан "ваззари" ұпайы бойынша басым болды.

Бірінші кезеңде Сметов нидерландтық қарсыласын шидо саны бойынша ұтқан болатын.

Айта кетелік, бұл Елдос Сметовтің мансабындағы үшінші Олимпиада ойындары.