Әлем • 14 Қыркүйек, 2020

Университет вакцина сынамасын жалғастырады

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оксфорд Университеті AstraZeneca компаниясымен бірлесіп жасап жатқан COVID-19 вакцинасын сынауды қайта қолға алды. Зертханалар вакцинаның кері әсері туралы хабар алғаннан кейін жұмысын тоқтатқан болатын. Сенбіде университет басшылығы вакцинаның қаупі жоғы дәлелденгенін, жұмыс жалғасатынын хабарлады.

Университет вакцина сынамасын жалғастырады

«Бұл үзіліс қауіпсіздік пен адамдардың денсаулығын бірінші орынға қоятынымызды көрсетті. Зерттеушілерімізді тиімді вакцина жасау жұмысына қайта жинаймыз», деді Денсаулық хатшысы Мэтт Ханкок.

Сонымен бірге университет өкілдері мұндай нәтиженің алдын ала болжанғанын да хабарлады. Олардың айтуынша, сынама жасалғандардың ішінде бірнешеуінің шағым түсіруі қалыпты әрі күтілген жағдай. Бұдан әрі Ұлыбритания Дәрі-дәрмек және денсаулық сақтау өнімдерін қадағалау агенттігінің ұсыныстарымен жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Ал ДДҰ бұған дейін вакцина сыналған 180 адамның әлі ешқайсысында клиникалық сынақ мерзімін аяқтамағанын хабарлады. Университет қызметкерлері дайындалып жатқан вакцинаның тиімді болатынына сенетінін және сатылымға шығатынына үмітті екенін айтты. «1 және 2-сыналымдар жасалды. Енді 3-сыналым сәтті болып, вакцина әсерін көре­міз деп сенеміз», дейді олар. 3-сыналымға АҚШ, Ұлы­британия, Бразилия мен Оңтүстік Африка­дан, жалпы алғанда 30 мыңға жуық қатысушы шақырылған.