Кейбір ережелердің уақыт өте ескіруі мүмкін. Бүгінгі пандемияның өзі көзқарастарымызды қайта қарап, бойдағы әдеттеріміздің бірсыпырасын заман талабына сай өзгертуге мәжбүрледі. Ендігі кезекте онлайн жиын ұйымдастыру, онлайн оқу қалыпты жағдайға айналды. Жастар арасында да әбден қалыптасып қалған бір түсінік бар. Ол – мектепті бітіргеннен кейін бірден оқуға түсу. Мектепті тәмамдаған соң ешкімнің де «бір жылдық үзіліс» алғысы жоқ.

Ең алдымен «бір жылдық үзіліс» дегенге анықтама беріп көрейік. Ағылшындар мектептен кейін оқуға түспей, үзіліс алуды «gap year» дейді, яғни үзіліс, демалу. Қай қоғамда болсын мектептегі өмірдің логикалық жалғасы кәсіптік не жоғары білім алу.
Мектептен кейін түлектер колледж немесе университетке құжат тапсырып, сала игеріп, белгілі бір мамандық иесі атанғысы келеді. Алайда осы тұста енді ғана мектеп бітірген жасөспірімнің келешекте қандай салада жұмыс істейтінін шешуде ойланып-толғанып қиналатыны бар. Бұл заңдылық болса керек. «Ауласынан шықпаған есігі туралы әңгімелейді» демекші, мектепте оқығаннан басқа тәжірибесі жоқ адамның мамандық таңдауда әрі-сәрі күй кешетіні белгілі.
Кеңестік кезеңде мектеп оқушылары «Кем быть», «Юный техник» сынды журналдар арқылы ғана әртүрлі кәсіп туралы оқып, ақпарат алатын болған. Соған сай арман қуып, болашақ мамандығын таңдайды екен. Ал қазір жастарға мамандық таңдауға әсері мол арнайы әзірленген тесттер, деректі фильмдер мен бағдарламалар жеткілікті. Өзіңе қажеттісін таңдауға, ол туралы сол сала мамандарының пікірін білуге мол мүмкіндік бар.
Бағдарламалар мен тестерді ойлап тапқан адамның құндылықтары мен көзқарасы да өзгерді. Мектептен кейін бірден оқуға түспеу қалыпты, тіпті кей кезде дұрыс шешім санала бастады. Неге десеңіз, біз айтып отырған бір жылдық үзілісті өзін- өзі танып үлгермеген талапкер өз қалауын табуға, мамандық таңдауға, не онлайн курстан өтіп, жан-жақты ізденуіне арналатын мүмкіндік ретінде қарастыратындар қатары көбейіп келеді. Дамыған озық елдің балалары бір жылдық үзілісте шетел аралап, танымын кеңейте түседі.
Қазір онлайн курстардың алуан түрі бар. «Универсариум», Coursera, Khan Academy сынды ашық университеттерден тегін курстар өтіп, өзіңіз ойлаған мамандық туралы біліміңізді молайтып, оның мән-маңызының қаншалықты екенін алдын ала анықтай аласыз. Ал шетелде оқуды көздеп жүргендер осы аралықта тіл үйреніп, шетелдік университеттердің арнайы тестеріне дайындалады. Белгілі бір деңгейге жетемін деп алдына мақсат қояды. Осылайша жетістікке жетіп, шетелдік гранттарды жеңіп алған қазақстандықтар да аз емес.
Бізде мектеп түлектерінің көбі мамандықты өздері емес, сыртқы факторлардың әсерімен, яғни ата-ана кеңесі, достарының ұсынысы немесе трендке байланысты таңдайды деген түсінік қалыптасқан. Осылайша, жастар заңгер, экономист сынды танымал мамандықтарға бет бұрады. Оған статистика дәлел. Еңбек ресурсын дамыту орталығы былтыр 1 221 бос орынға 4 818 заңгердің таласқанын айтады. Жыл сайын заң факультеттерінен 18-20 мың түлек диплом алып шығады екен.
Қазақстандық студенттердің орташа жасы – 21. Ал Еуропада студенттердің орташа жасы – 22-23. Германиядағы университеттегі білім алушылардың орташа жасы 25-те болса, Скандинавия елдерінде 30 жаста студент болу қалыпты жайт. Британияның Жоғары білім беру саласын зерттеу орталығының есебіне қарасақ, студенттердің 20 пайызы 20-24 жас аралығында оқу бітірсе, 44 пайызы 25-29, ал 16 пайызы 30 жастан кейін диплом алады. Яғни, бұл ондағы азаматтардың мектептен кейін мамандық алу үшін оқуды бірден жалғастырмайтынын не университет кезінде де үзіліс алатынын көрсетеді.
Қалыптасқан дәстүрге жаңалық енгізе бергенді құп көрмейтін орталарда бір жылдық үзілістің пайдалы екенін түсіндіру қиынға соғатыны белгілі. Бұл үзілістің қоғамнан, еңбектен қол үзу емес, керісінше сапалы өмірге бет бұрудың мүмкіндігі екенін де ұғындыру оңай болмас. Бір жылдық үзіліс алатын адамның қаржылық жағдайы мен психологиялық денсаулығы да жақсы болғаны абзал. Өйткені жан-жақтан келетін қысымды елемеу, бір жыл бойы ізденісте жүру мен «қатардан қалдым» сезіміне төтеп беру үшін алдын ала дайындық керек. Eurostudent статистика қорының мәліметіне сүйенсек, еуропалық студенттер мектептен кейінгі үзілісті екі жылдан асырмауды жөн көреді екен. Тек 17 пайызы ғана екі жылдан кейін оқуды қайта жалғастыратын көрінеді.
Бүгінде Польшадағы Жешув ақпараттық технология мен менеджмент университетінде білімін жалғастырып жатқан Ақұштап Қаржауова бір жылдық үзілісті уақыт жоғалту емес, саналы шешім мен жарқын болашаққа қадам деп түсіну керегін айтады. «Университетке ел қатарлы мектептен кейін бірден түсіп, сол кездегі «сұраныстағы» мамандықты таңдадым. Бүгінде басқа салада жұмыс істеп, оқып жатырмын. Былай қарасаңыз, болашақта жұмыс істемейтін саланы игеруге 4 жылымды жұмсадым. Тек бакалаврдан кейін ғана нақты нені қалайтынымды түсіндім. Қазір жақсы университетте оқимын, сонымен қатар консалтинг пен аудит саласындағы үздік халықаралық компаниялардың бірі Deloitte-та аудитор болып қызмет етемін. Егер мектептен кейін бір жыл үзіліс алып, әртүрлі салалар хақында ақпаратқа қанығып, бейімделгенімде қазіргіден де білікті маман болар ма едім. Әлбетте, қазіргі қызметіме көңілім толады. Алайда бұл салада бір орында тұруға болмайды. Біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, белгілі деңгейлерге жету керек. Ал қазіргі кезде жастарға тіптен мүмкіндік көп. Ақпараттық технологиялар саласы күн сайын дамып келеді, сол салаға машықтанып, тәжірибе жинаса, көп жетістікке жетуге болады», дейді жас маман.
Грузин ақыны Шота Руставели «уақыттың да уақыты жоқ» демекші, кез келген әрекеттің уақытымен болғаны абзал. Алайда сіз алатын үзілістің де өзіңіз үшін екенін ескерсек, бір сәт саралауға, ізденуге уақыт бөлу тиімді болатыны анық. Сондықтан мектептен кейін «үзіліс алу» жарқын болашаққа тезірек қол жеткізер жолдың бірі екенін естен шығармаған абзал.
Хромтауда үйде жарылыс болып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
Батырмұрзаев алтын, Дәулетбеков қола алды
Күрес • Кеше
Қазақстан • Кеше
Музей қоры құнды картиналармен толықты
Өнер • Кеше
Ұлттық жаңғыруға жол ашқан бағдарлама
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өзгелерді тамсантсақ өнерменен
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Ғылым мен «жасыл экономика» симбиозы
Ғылым • Кеше
Ғылым – қоғамды дамытудың қайнар көзі
Ғылым • Кеше
Қазақстан • Кеше
Азаттық үшін күрестің бір айғағы
Тарих • Кеше
Белгілі сәулетші Бақытжан Әшірбаев дүниеден өтті
Оқиға • Кеше
Үш мың литрден астам контрафактілік алькоголь тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
Оқиға • Кеше
Құдалық өткізген мақтааралдық жауапқа тартыла ма?
Аймақтар • Кеше
Ақтөбедегі шошқа фермасының басшысы тергеуге алынды
Аймақтар • Кеше
Елорда әкімі азаматтарды қабылдады
Елорда • Кеше
11 сәуір – Бүкіләлемдік паркинсон дертімен күрес күні
Медицина • Кеше
Өскеменде әуе қатынасы бір айға тоқтатылады
Аймақтар • Кеше
Қарағанды облысында каналда балық аулауға тыйым салынады
Аймақтар • Кеше
Юсуп Батырмұрзаев Олимпиада жолдамасына иелік етті
Спорт • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде су тасқынынан 20 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Lexus көлігі жедел жәрдемнің өтуіне кедергі жасады
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде такси жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті
Аймақтар • Кеше
Боралдай ауруханасының дәрігерлері антына берік
Медицина • Кеше
Алматыда карантинді бұзған нысандар белгілі болды
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 5 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1222 науқас коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 2842 адамда коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Әйелдер күресіне жерлестерімізге жалғыз жолдама бұйырды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Көкшетауда сауда үйінің терезесінен құлаған жігіт мерт болды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Зооволонтерлердің бастамаларын қолдауға қанша грант бөлінді?
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • 10 Сәуір, 2021
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • 10 Сәуір, 2021
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • 10 Сәуір, 2021
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • 10 Сәуір, 2021
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • 10 Сәуір, 2021
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • 10 Сәуір, 2021
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • 10 Сәуір, 2021
«Орталық Азия» халықаралық сауда орталығы құрылатын болды
Үкімет • 10 Сәуір, 2021
«Mega Silk Way» сауда орталығында індетке қарсы вакциналау басталды
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • 10 Сәуір, 2021
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • 10 Сәуір, 2021
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • 10 Сәуір, 2021
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • 10 Сәуір, 2021
Нұрсұлтан Тұрсынов Алматыдағы турнирдің жеңімпазы атанды
Спорт • 10 Сәуір, 2021
Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Аида Балаева журналистермен этносаяси сауаттылықты дамыту қажеттілігін талқылады
Қоғам • 10 Сәуір, 2021
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • 10 Сәуір, 2021
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • 10 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар