Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ
Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
5060 материал табылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Шымкентте медициналық еріктілер мектебі ашылды

"Қазақстанның медициналық жастары" республикалық қоғамдық бірлестігі "Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 16 қарашасында "Медициналық еріктілер мектебі" әлеуметтік жобасын іске қосты. Жоба аясында Шымкенттегі және Қазақстанның 15 аймағындағы медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін біріктіру жоспарлануда. Бұл Қазақстанда аналогы жоқ бірегей жоба.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Киік атқан азамат ұсталды

Қызылорда облысында киік атқан азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

"Қазгидромет" Елорданың атмосфералық ауа сапасына байланысты мәлімдеме жасады

«Қазгидромет» РМК экологиялық мониторинг станциялары 2020 жылғы 6-7 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында ауадағы ластаушы заттардың шекті-рұқсат етілген шоғырланудан (ШРШ) асып кету жағдайларын тіркеді. ШРШ «асып кетуі» 6 желтоқсан сағат 19.00-ден бастап тіркелді:

Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2020

Қауіпсіздік сертификатын не үшін орнату керек?

Қазіргі кибер оқу-жаттығуларында неге киберқауіпсіздік сертификаты жасалды? Өткен жылы Президент бұл жүйе ел қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнген жағдайда ғана қолданылады деп айтқан болатын. ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықовтың айтуынша, бұл тексеру үшін қажет.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Елордада жастарға жалға берілетін тұрғын үйге 5463 өтініш келіп түсті

Елордада жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй алуға құжат қабылдау аяқталды. 1-6 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан тұрғын үй қорына 5463 өтініш келіп түсті.

Әлем • 07 Желтоқсан, 2020

Бүгін - Халықаралық азаматтық авиация күні

Бүгін БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен Халықаралық азаматтық авиация күні аталып өтуде. Атаулы мерекеде елдегі авиацияның өркендеуі мен дамуы үшін еңбек ететін Қазақстанның азаматтық авиация саласының барлық қызметкерлерін құттықтаймыз.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Мемлекеттік қызметшілердің ауысу тәртібімен лауазым иелену мүмкіндігі бар

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің ауысу қағидаларын, сондай-ақ оларға ротация жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында облыстық басқармалардың бірінші басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының басшылары, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметтерінің басшылары үшін семинар ұйымдастырды.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Үлкен Алматы каналы ресурстарын тиімді пайдалану үшін су тұтыну жоспары жасалады

Бұл туралы «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының директоры Серікали Мұқатаев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасындағы тікелей эфирде хабарлады.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Энергетика министрі Ақтөбедегі мұнай-газ нысандарын аралады

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі мұнай-газ саласының бірқатар нысандарын аралады.

Қазақстан • 07 Желтоқсан, 2020

Экстремистер электрондық үкімет сайттарына шабуыл жасады

Экстремистер электрондық үкімет сайттарына жаппай Ddos-шабуыл жасады, бірқатар интернет-ресурстарды бұзуға, вирусты БҚ-ға толтыруға тырысты. Мұндай сценарий бойынша Нұр-Сұлтанда киберқылмыстар жалғасуда, олар мемлекеттік органдардың, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшелерінің және жедел орталықтардың, аса маңызды объектілердің туындаған қауіп-қатерлерге қарсы тұруға әзірлігін көрсетуі тиіс. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов іс-шараның егжей-тегжейін айтып берді.