Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

"Қазгидромет" Елорданың атмосфералық ауа сапасына байланысты мәлімдеме жасады

233 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК экологиялық мониторинг станциялары 2020 жылғы 6-7 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында ауадағы ластаушы заттардың шекті-рұқсат етілген шоғырланудан (ШРШ) асып кету жағдайларын тіркеді. ШРШ «асып кетуі» 6 желтоқсан сағат 19.00-ден бастап тіркелді:

"Қазгидромет" Елорданың атмосфералық ауа сапасына байланысты мәлімдеме жасады

1) РМ-2,5 өлшенген бөлшектер бойынша: 5,2 ШРШ-ға дейін асып кетудің 246 жағдайы;
2) РМ-10 өлшенген бөлшектер бойынша: 2,2 ШРШ-ға дейін асып кетудің 161 жағдайы;
3) Көміртегі оксиді: 1,8 ШРШ-ға дейін асып кетудің 55 жағдайы;
4) Күкіртсутегі: 2,5 ШРШ-ға дейін асып кетудің 55 жағдайы;
5) Күкірт диоксиді: 1,1 ШРШ-ға дейін асып кетудің 3 жағдайы;
6) Азот оксиді: 1,2 ШРШ деңгейінде асып кетудің 1 жағдайы.

Атмосфералық ауаның ластануы барлық бақылау бекеттері бойынша байқалды. Ең жоғары ластану Көктал-1 аудандарында, Тұран даңғылы мен Түркістан көшесінде тіркелді.

Синоптикалық жағдайлар бойынша 2020 жылғы 7 желтоқсанда елорданың ауа райына антициклон әсер етеді. Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, 24-28ºС-қа дейін бірқалыпты аяз болып, тұман байқалады. Мұндай ауа райы жағдайлары жоғары қысым аймағына тән – жел тұрмайды, ауа салқын болады, аздаған бұлт торлайды. Атмосфераның жоғарғы қабаттарында ауа массаларының араласпауы тұманның пайда болуына әсер етеді.

2020 жылғы 6 желтоқсан күні 13 сағат 55 минутта 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда кей уақыттарда тұман күтілетіні туралы дауылды ескерту шығарған болатын.

Мұндай метеорологиялық жағдайлар (аяз – 25 градус және желсіз ауа райы) қаланың жеке секторын жылытудан шығатын ластаушы заттардың ауада жиналуына ықпал етті. Нәтижесінде қалың улы түтін пайда болды.