Коалицияға жетекші қоғамдық-саяси күштер, саяси партиялардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және елдегі миллиондаған азаматтардың мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдар кірді. Жалпыұлттық отырыс барысында жаңа Конституция әділ және заманауи мемлекеттің негізі болып, саяси жаңғыртуды қамтамасыз етуі және азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейтуі керектігі атап өтілді.
Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Конституция жобасында жеке тұлғаның рөлін күшейтуге, білім, ғылым және инновацияларды болашақ прогрестің негізгі қозғаушы күштері ретінде дамытуға ерекше мән берілген. Бұл бағыттар тұрақты реформалар мен елдің стратегиялық дамуының негізі ретінде қарастырылады.
Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді
Коалиция құрамына қоғамдық бірлестіктер, жастар ұйымдары және сарапшылар кірді. Жаңа Конституция жобасының ережелері туралы халықты хабардар ету мақсатында тақырыптық кездесулер, ашық талқылаулар, іссапарлық шаралар және басқа форматтар жоспарланған.

Қарағанды облысының өңірлік коалициясына барлығы 95 қатысушы кірді. Облыс тұрғындарын кеңінен хабардар етуге бағытталған 858 іс-шара мен қоғамдық акциялар жоспарланған.