Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ
Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
5016 материал табылды

Аймақтар • 25 Маусым, 2020

Елорда соттары 3 шілдеге дейін карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан қаласы соттарының жекелеген судьялары мен қызметкерлерінен Сovid-19 вирусының анықталуына байланысты қала соттары 24 маусымнан 3 шілдеге дейін карантинге жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 25 Маусым, 2020

Елордада КВИ жұқтырған және пневмониясы асқынған науқастар 3 есе өсті

Жұқпалы және провизорлық ауруханаларда адамдар саны бүгінде 2,5 мыңға дейін өсіп отыр. Оның 91%-ы орташа ауырлық дәрежесінде. 9%-ы ауыр және өте ауыр. Олар жедел реанимация бөліміне бірден түседі. Негізі соңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 3 есе өсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан • 25 Маусым, 2020

Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік - Тоқаев

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық "Ана тілі" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 25 Маусым, 2020

Суға шомылу ережесін бұзған 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Комиссия тексерісі бойынша елордада көпшілік суға шомылатын 23 орын анықталған. Олардың үшеуі рұқсат етілген: Орталық жағажай, "Три пескаря" және "Столичный двор" демалыс аймақтары, 20-сы тыйым салынған орындар, - деп жазады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан • 25 Маусым, 2020

ҰБТ: Бейнетрансляция өшіп қалған аудитория түлектері тестті қайта тапсырады

    ҰБТ-ның төртінші күні 77 тестілеу пунктінде 12 581 адам қатысады деп жоспарланды. Оның 96%-ы тест тапсырды. Ережені 136 адам бұзған, бұл көрсеткіш үшінші лектің қорытындысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Тоғыз түлектің қызуы көтерілді, олар ҰБТ-ны бөлек, басқа күні тапсыра алады. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Үкімет • 24 Маусым, 2020

А. Мамин "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 24 Маусым, 2020

23 жылда Нұр-Сұлтан халқы үш есе өсті

Жиырма жылдан астам уақыт ішінде қала көптеген әлем астаналарын, соның ішінде Вашингтонды басып озып, "миллионерге" айналды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Технология • 24 Маусым, 2020

Илон Маск интернетінің бағасы мен жылдамдығы қандай?

2015 жылы Илон Маск басқаратын SpaceX компаниясы Starlink жобасын іске қосты. Жоба бойынша жер ғаламшарының кез келген түкпірінен интернетке қосылу үшін ғарышқа 12 мың спутник ұшырылмақ. Бүгінге дейін 500 спутник ұшырылған, сондықтан таяуда кейбір адамдар жаңа спутниктік интернетті пайдалануға мүмкіндік алады. Ол үшін өтінім қалдыру керек...

Қазақстан • 24 Маусым, 2020

Мемлекеттік органдардың сайттары бір платформаға топтастырылды

17 министрлік, 48 Комитет және 10 жергілікті атқарушы орган интернет-ресурстардың бірыңғай платформасына көшті. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 24 Маусым, 2020

Дәрі-дәрмек жетіспеушілігіне қандай шаралар қабылдануда?

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі дәріханаларда вирусқа қарсы дәрі-дәрмектердің болуын үнемі қадағалап отырады. Елордада коронавирус инфекциясы жағдайларының көбеюіне байланысты вирустық инфекциялық аурулардың алдын-алу үшін қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz