Гүлнар ЖОЛЖАН
Гүлнар ЖОЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
340 материал табылды

Әлем • 04 Мамыр, 2023

Өзбекстанда өткен референдум

Өзбекстанда Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдаған референдум өтті. Осылайша, көрші елдің Ата заңы 65 пайызға жаңарды. Елдің басты құжатында жерді жекеменшікке беру, өлім жазасын алып тастау, сондай-ақ президенттік мерзімді бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту секілді мәселелер бар.

Әлем • 03 Мамыр, 2023

Жат жұртта адасқандар

Шекара асқаннан кейін кездейсоқ оқиғаға тап болып, жазатайым жағ­дай­ға ұшыраған ел азаматтарына қатыс­ты кез келген мәлімдемеге мемлекет бейжай қараған емес. Бұл ретте елі­міздің шетелдегі елшіліктері мен дипло­матиялық қызмет өкілдерінің еңбе­гін ерекше атауымыз керек. Саяси келісімдер арқылы жүзеге асатын күрделі мәселеден бөлек, адам тағды­рына қатысты қабылданатын жедел шешімдер азаматтардың өмірі мен бостандығын сақтап, қамтамасыз етуге жол ашады. Сондай оқиғалардың бірер мысалына тоқталсақ.

Қазақстан • 03 Мамыр, 2023

Қазақстанның айқын ұстанымы

Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясында ұйымның Еуропа кеңесімен ынтымақтастық туралы қарарын қолдады. Аталған құжатта Ресейдің Украинаға басқыншылығын сынайтын тұсы бар. Негізі, Қазақстан екі елдің арасындағы қақтығысқа бейтарап позиция ұстанады. БҰҰ қарарына қатысты Сыртқы істер министрлігі ресми түсініктеме берді.

Үкімет • 01 Мамыр, 2023

Мемлекеттік басқару: Жаңа мәдениет қалыптасты ма?

Мемлекеттік басқару академиясының базасында «Ашық Үкімет және басқарудың жаңа мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Басқосу барысында отандық және шетелдік сарапшылар мемлекеттік басқару саласындағы жаңа тәсілдерді сөз қылып, азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы диалогті нығайту мәселелерін талқылады.

Халық • 01 Мамыр, 2023

Қазақ пен неміс жарасымы

Әр елдің шет мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынасында экономикалық сала басым тұрады. Одан соң білім, мәдениет саласы алға шығады. Ал Қазақстан мен Германия арасындағы байланыс адами капиталмен құнды. Мұның бір дәлелін екі арасындағы байланыстың мысалынан байқауға болады. 1 мамыр – Халық бірлігі күні қарсаңында Қазақстан-Германия үкіметаралық Комиссиясы елімізде тұратын этностық немістерді қолдауға арналған коммюнике қабылдады.

Пікір • 26 Сәуір, 2023

Тіл саясаты: сан мен сапа

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы үш жылда елдегі халық саны арт­ып, ол қазақ халқының есебінен көбейіп отыр. Алайда санымыз өскенімен, қазақтілді ортаның әлі де болса кеңейетін түрі көрін­бейді.

Халық • 26 Сәуір, 2023

Тұрақтылық пен тұтастық тұғыры

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы басталды. Екі күнге созылатын іс-шара жұмысына 1300 адам, оның ішінде Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, ғылыми, шығармашылық қауымның, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Қазақстан • 25 Сәуір, 2023

Тоғысқан тағдырларды тұтастыратын тіл

Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық орган ретінде этномәдени бірлестіктерді ұйыстырып, түрлі этностардың мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін дамытуға ықпал етеді.

Әлем • 19 Сәуір, 2023

Жаңартылған саяси тұжырымдама

Ресей президенті Владимир Путин елінің «Сыртқы саясаттағы жаңа тұжырымдамасын» бекітті. Ол әлемдегі күрделі өзгеріске байланысты негізгі стратегиялық құжатты түзетуге тура келгенін айтады.

Әлем • 18 Сәуір, 2023

Қарақшыларды қапы қалдырған жігіт

Әлеуметтік желілерде АҚШ-та тұратын Қазақстан азаматына қарақшылардың шабуыл жасағаны, ал отандасымыздың оларға тойтарыс беріп, қаруларын тартып алғаны түсірілген бейнежазба жарияланды. Оқиға желісін кейіпкер – Олжас Қаныбек Instagram парақшасында баян­дады. Сыртқы істер министрлігі де осыған қатысты ресми мәлімет берді.