Қоғам • Бүгін, 09:45
Игі істер адамдарға қуаныш сыйлайды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде қызмет етіп жатқан волонтерлерді Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қалдырған жазбасында волонтерлік қозғалыс еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын мәлімдеді.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2025
Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы науқан
Қазір «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» жаһандық халықаралық науқан жүріп жатыр. Осыған орай ұйымдастырылған іс-шараның бірі Орталық коммуникациялар алаңында өтті.
Саясат • 03 Желтоқсан, 2025
Қасиетті Тақтың өкілімен кездесті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың еліміздегі Апостолдық нунциі Джордж Джордж Панамтундилмен кездесті. Онда рухани дипломатияны ілгерілету мен халықаралық серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.
Қоғам • 29 Қараша, 2025
Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі назардан түспейді
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Халықаралық «16 күн зорлық-зомбылықсыз» акциясына арналған дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. Бұл Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен, БҰҰ-Әйелдер құрылымының техникалық қолдауымен өткізілді.
Қоғам • 28 Қараша, 2025
Әлемнің газетке көзқарасы ерекше
Интернеттің кең таралуымен газет, журналдардың тиражы төмендей бастады. Тіпті газеттің қағаз түрі енді шықпайды деген болжам да айтылып жүр. Бірақ классикалық газет-журнал құрдымға кетсе, білімсіз ұрпақ қалыптасатынын түсінген әлем елдері дәстүрлі БАҚ-ты «құтқаруға» кірісті. Баспа индустриясының ел дамуына қосатын маңызын терең түсінетін елдің үкіметтері мерзімді басылымдар секторына жыл сайын қомақты қаражат бөліп, түрлі деңгейде қолдау көрсетіп жатыр. Мәселен, мерзімді басылымдарға мемлекеттік қолдау қажеттілігін Еуропа Кеңесі өткен ғасырдың 70-жылдары-ақ мақұлдаған.
Саясат • 28 Қараша, 2025
Халықаралық маңызы бар құжаттар мақұлданды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар су қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заңды, сондай-ақ «Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалы туралы» келісімді қарап, мақұлдады.
Саясат • 26 Қараша, 2025
Қазақстан – Түрікменстан: Ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашылды
«Ақорда» резиденциясында Президент елімізге мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президентін қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң, Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Бұдан соң Мемлекет басшылары келіссөз залына өтті.
Саясат • 22 Қараша, 2025
Жапонияның «Kusanone» (Шөп тамыры) гранттық бағдарламасы өңірлерге көмек беруді жалғастырып жатыр. Осы ретте олар Шығыс Қазақстан облысының аутизм дертіне шалдыққан балаларға қаржы бөлді.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Әзербайжан Орталық Азияның әлеуетін арттырады
Жақында Ташкентте Орталық Азия мемлекет басшыларының жетінші консультативтік кездесуі өтті. Аталған жиында Әзербайжан Республикасының Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кездесуінің толыққанды қатысушысы ретінде шешім қабылданды. Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан президенттері бұл шешімді тарихи сәт деп атап, Оңтүстік Кавказ елін ресми түрде қатарына қосты. Сарапшылардың айтуынша, Баку бұл форматқа жаңа серпін береді, екі стратегиялық маңызды аймақ арасындағы сауда, инвестиция, мәдени байланыстардың ауқымы кеңейіп, одан әрі дами түседі.
Саясат • 20 Қараша, 2025
Өңірді өркендетудегі ілкімді істер
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Астанада Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиынында өңірдің әлеуметтік-экономикалық жай-күйін баяндады. Биыл өңір инвестиция тартуға күш салған. Облыс басшысының айтуынша, өзге салаларда да өсім байқалады.