Саясат • Бүгін, 08:13

Каспий мен Жайықтың мәселесі талқыланды

5 мин
оқу үшін

Атырауда Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен елімізде Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның XII отырысы өтті. Жиында Каспий теңізі мен Жайық өзенінің су экожүйелерін орнықты басқару мәселелері талқыланды. Сондай-ақ сенаторлар өңір жұртшылығымен, бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандардың еңбек ұжымдарымен кездесті.

Каспий мен Жайықтың мәселесі талқыланды

Комиссия отырысында өңір­дегі су бассейндерінің эколо­гиялық ахуалына қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Сенат төрағасы ластану деңгейі артып, балық қорының азаюы мен өңір­дің экожүйесіне антро-по­ген­дік әсердің күшеюіне ерекше назар аудару қажет екенін баса айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі әлдеқашан өңірлік шеңберден шығып, жаһандық сипат алғанын әрдайым айтып келеді. Осы сын-қатерді еңсеру үшін еліміз Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуге бастамашы болды. Мемлекет басшысы су мәселелері бойынша халықаралық күн тәртібін ілгерілету мақсатымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында Астанада Су проблемаларын талдау орталығын құруды да ұсынды. Сондай-ақ БҰҰ-ның ма-мандандырылған агенттігі ретінде Халықаралық су ұйымын құру бастамасын көтерді. Жайық өзеніне қаты-сты мәселе де аса өзекті. Бұл түйткілдерді бір-бірі­нен бөлек қарастыруға болмай­ды. Оларды шешу үшін ведомство­аралық үйлестіру, ғылыми негізделген шешімдер, сондай-ақ жергілікті атқарушы орган­дардың, сарапшылар қауымдас­тығының, экологиялық қоғамдық ұйымдардың және халықаралық серіктестердің белсенді атсалысуы қажет», деді М.Әшімбаев.

Кездесуде Каспий теңізіне қатысты мәселеде жүйелі тәсілдің жеткіліксіз екені де айтылды. Жайық өзенінің Атырау мен Маңғыстау облысының жағалауы маңында теңіз 30–35 шақырымға дейін шегініп, соның салда-рынан топырақ тұзданып, экожүйелер тозды, балықтардың уылдырық шашу орындары қысқарды. Бұған қоса құрамында улы шөгінділері бар шаңды дауылдардың туындау қаупі артып отыр. Парла­мент­тік комис-сияның төрағасы Каспий теңізі мен Жайық өзенін сақтау мәселесі ұзақмер­зімді экологиялық қауіпсіз­діктің, азаматтардың өмір сүру сапасының, сондай-ақ бүкіл Каспий маңы өңірінің орнықты дамуының кепілі екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында мемлекет, ғылым, аза­мат­тық қоғам, бизнес пен халық­­аралық серіктестердің алдағы бір­лескен жұмысының негізгі ба­ғыт­тарын айқындап берді.

Парламенттік комиссияның отырысына Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Су ресурстары және ирригация ми-нистрі Нұржан Нұржігітов, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы, Эколо-гия және табиғи ресурстар, Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қатысты.

Іс-шарада БҰҰ Даму бағдарла­масының еліміздегі Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, су ресурстарын басқару мен кли­маттың өзгеру мәселелері жөніндегі халықара­лық сарапшы, Орталық Азия су ре-сурс­тарын басқару және климат­тың өзгеруі жөніндегі платформа­ның үйлестірушісі Болат Есекин, өңір әкімдіктерінің басшылығы, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері баяндама жасады. Ал мем-лекеттік орган­дардың өкілдері мен сарапшы­лар алдағы бірлескен жұмысты ұйым­дастыруға қатысты ұсы-ныстар мен бастамаларын ортаға салды. Сенат төрағасы олардың іске асырылу барысы қоғамның және бар-лық мүдделі тараптың бақылауында болатынын айтты.

М.Әшімбаев өңірдің белсенді жастарымен кездесуде жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарына тоқталып, оны мемлекетті дамытудың және саяси жүйені жан-жақты жаңғырту­дың ұзақмерзімді бағытын айқындай-тын стратегиялық құжат деп атады. Палата спикері елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды жаңғыртулар қазіргі сын-қатерлерге жедел жауап бере алатын икемді мемлекеттік жүйе қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар ол жаңа Ата заңның іске асы­рылуы жастардың белсенділігіне, білімі мен жауап-кершілігіне де байланысты екенін айтып өтті.

«1 шілдеден бастап жаңа Ата заң ресми түрде күшіне енеді. Шын мәнінде, бұл – нағыз Халық Конституциясы. Ол Тәуелсіздік, Мемлекеттілік және азаматтардың құқықтары мен мүдделері ең жоғары құндылық санала-тын Әділетті Қазақстан құрудың жаңа кезеңіне жол ашты. Бүгінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды рефор-малар мен жаңартылған институционалдық ортаның барлығы өскелең ұрпақтың игілігі үшін жасалып отыр. Жаңа Конституция жастарға зор мүмкіндіктер береді әрі үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан жас буын осы реформалардың тарихи маңызын терең түсініп, оны жүзеге асыруға белсенді қатысуы қажет», деді Се-нат төрағасы.

М.Әшімбаев Әділетті Қазақ­стан құруда жастардың белсенді рөлі ерекше мәнге ие екенін айтып, мемлекет тарапынан көрсеті­ліп жатқан қолдау шараларына және ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын құнды-лықтарға да тоқталды. Оның айтуынша, бұл бағыттағы басты бағдар – Мемлекет басшы­сының Абайдың «Толық адам» іліміне негізделген «Адал азамат» тұжырымдамасы. Атал­ған тұжырымдамада еңбек­қор­лық, адалдық, кәсіби білікті­лік, үздіксіз білім алу мен отаншыл­дық әр азамат үшін басты құн­дылықтар ретінде айқындалған.

Сондай-ақ Сенат депутаттары «ҚазТурбоРемонт» ЖШС ұжымымен кездесіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар-ды әлеуметтік оңал­туға арналған «Алмалы» ор­та­лығының қызметімен танысты.

Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Бүгін, 09:47

Жастар жиі оқитын кітаптар

Қоғам • Бүгін, 09:44

Әлемдік додада топ жарды

Технология • Бүгін, 08:50

Пайдасы көл-көсір көмір күлі

Аймақтар • Бүгін, 08:49

Ғабит ғибраты

Руханият • Бүгін, 08:45