Әдебиет • 18 Наурыз, 2024
Екінші дүниежүзілік соғыс өрті сейіліп, айнала дауылдан кейінгі егін алқабындай алай-дүлей күй кешкен тұста Ұлытау бөктерінде туған жас сәбиді ешкім де аңғарған жоқ. Ол кезде тіпті кейіннен ағалық пікірлерін ақтарыла жазған Қадыр Мырза Әлі мен Тұманбай Молдағалиев 16 жастағы бозбала еді.
Мереке • 14 Наурыз, 2024
Наурыз – ата-бабадан мирас болып жеткен ұлық мерекенің бірегейі. Көне парсы тілінде «Жаңа күн» мағынасын беретін айтулы мейрам еліміздің ынтымағы мен бірлігінің айғағы іспетті. Ұлыстың ұлы күні биыл жаңаша сипат алып, көкжиегі кеңейіп отыр.
Сұхбат • 08 Наурыз, 2024
Гүлнар Салықбай: Өлеңге жүрек пен шынайылық керек
Сексенінші жылдардың соңын ала қазақ өлеңіне келген лектің ішінде Гүлнар Салықбай есімі ерекше аталды. Ә дегеннен-ақ парасатты поэзияға адалдықтың, әсемдіктің үлгісіндей өндір өлең оқырманға жол тартты. Жүректің ең терең нүктелеріне сапарлаған мәңгілік ынтық, мәңгілік ғашық жырлар иесімен Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әңгімелескен едік.
Зерде • 28 Ақпан, 2024
Әл-Фараби... Даңқ дабылы заманалар қойнауына жеткен бірегей есім. Сом тұлға. Әйгілі Гегель: «Әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасын» қырық рет, «Риторикасын» екі жүз рет, «Жан туралы» атты кітабын жүз рет оқыған екен. Неткен таңғаларлық еңбек!» деп бас шайқаған. Ал белгілі ағылшын музыка зерттеушісі Фармер: «Барлық ғылымдар саласында Әл-Фараби – «Екінші ұстаз», ал музыкада бір өзі ғана бас король» деп пікір айтқан-тын.
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
Фирдоуси, Сағди, Низами, Науаилармен қатар тұратын түрікмен әдебиетінің классигі Мақтымқұлы Пырағы есімі қазақ баласына ертеден таныс. «Биік таулар, биікпін деп шіренбе, Сен де құлап, жермен-жексен боларсың» деген даналық иесінің дабылы заманалар көшімен жаңғырып келеді.
Әдебиет • 20 Ақпан, 2024
«Өмір мен өлім арасы – бір-ақ қадам». Бала күнде «Ата-анам да өле ме? Олар өлсе, мен не істеймін?» деп қайғырып жас төккенім есімде. Тағы бірде Құдай деп елестеткен адамымыздың құлап жатқанын көріп, мұңға батыппыз. Жалған дүниенің жалқы ақиқаты өлім десек, ұлы адамдардың ажал алдындағы ақырғы сөзі қалай болмақ? Не толқытты, не сезінді?
Кино • 14 Ақпан, 2024
Асан қайғы, Қорқыт ата, Қожанасыр, Алдар көсе образы қазақ танымымен біте қайнасқан. Түгін тартса майы шыққан салқар дала топырағынан өнген қайбір аңыз да ұлттық кодымызды тірілтіп, рухымызды қоздатады. Ал қазақтың Робин Гуды, Дон Кихоты секілді қара халықтың сойылын соғып, әділетсіздікке қарсы айла еткен Алдар көсе бейнесі жүрегімізге жақын, көңілімізге орныққан.
Сұхбат • 11 Ақпан, 2024
Әлібек Асқаров, жазушы: «Терең білім – кітапта!»
Әлібек Асқаров прозасы – оралымды тілімен, біраз уақыт санаңды санға бөлер қою атмосферасымен таныс. Жазушының біз байқаған өз болмысы – көңілдегіні көзден ұғар қырағы, кең. Жақында қаламгермен арнайы әңгімелескен едік.
Поэзия • 08 Ақпан, 2024
Жаңа ашылған кіші ғаламшардың біріне 1983 жылы Есенин есімі берілгені айқын. Ақын ғаламшары – жан құбылысының жарықшақтарына толы тылсым дүние. Онда елеусіз саналған көзге көрінбес, қолға ұсталмас киелі ұғымдар жұлдызды тонын жамылған. Алуан түстер айдыны түпкі мәнге жалғасып, түнеу бір күнгі тұмандай уызданып, қаймақтанып тұрады. Ендеше, Мұқағали атты жұмбақ ғаламшардың бірнеше шұңғыл бедеріне сапар шегелік.
Әдебиет • 22 Қаңтар, 2024
Толстой болмысы – әрдайым ілгері жылжып отыратын ағын судай күрделі құбылыс. Данышпан өмірінің соңын суреттеген Ромен Роллан: «Соғыс аяқталды. Ол 82 жылға созылды және Толстойдың өмірі оның ұрыс алаңы болды» деп түйеді.