Әлем • 11 Ақпан, 2026
Канада мектебінде болған атыстан 9 адам қаза тапты
Тамблер-Ридж қаласындағы жергілікті орта мектепте болған атыс салдарынан жеті адам қаза тауып, тұрғын үйден тағы екеуінің мәйіті табылды. Полиция болжамынша, атыс ұйымдастырған адам өзін өлтірген болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 11 Ақпан, 2026
Чесноков «Хартс» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты
Шотландия чемпионатының 26-туры аясында «Хартс» өз алаңында «Хибернианды» қабылдап, минималды есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 11 Ақпан, 2026
Алматы облысында бір отбасы үйін күн панельдері арқылы жылытып отыр
Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылында тұратын Жаңабаевтар отбасы күн энергиясын қолдану арқылы өз үйлерін толықтай электр қуатымен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар артық өндірілген электр энергиясын ортақ желіге өткізіп, қосымша табыс тауып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Ақпан, 2026
Қарлы боран, көктайғақ, қатты жел: 11 ақпанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» 11 ақпанға арналған Қазақстан аумағындағы ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2026
Елордада тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етілді
Биыл Қазақстан Республикасының жеке құрама атқыштар батальонының тәжік-ауған шекарасынан шығарылғанына 25 жыл толды. Осыған орай Астана қаласындағы Ерлік саябағында еске алу іс-шарасы өтті. Жиылған жұрт батальон құрамында қызмет атқару кезінде қаза тапқан сарбаздарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 10 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция жобасындағы цифрлық ортаны реттеуге қатысты ұсыныстар Алматы облысының тұрғындары үшін айрықша маңызды. Бұл туралы облыс мәслихатының төрағасы Қуат Байғожаев Конституциялық комиссияның 11-ші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Ақпан, 2026
Қырғызстан президенті Камчыбек Ташиевті қызметінен босатты
Бүгін Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Министрлер кабинетінің төраға орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Камчыбек Ташиевті мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2026
Ел азаматтарының құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейі қандай?
Қазақстанда қылмысқа куә болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінбейтіндердің үлесі артып келеді. Егер 2024 жылдың қазан-қараша айларында мұндай жауапты 8,5% респондент айтса, 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 11,4%-ға дейін өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2026
Қазақстанда неке сақиналары 38,2%-ға қымбаттады
Өткен жылдың қаңтар және желтоқсан айларында Қазақстанда зергерлік және оған ұқсас бұйымдар өндірісінің көлемі 2,8 млрд теңгеге жетіп, рекорд орнатты. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Айта кетерлігі, бұған дейінгі жылы да салада дәл осындай ауқымда өсім байқалған еді. Осылайша, зергерлік сектордағы өндірістің ақшалай көлемі екінші жыл қатарынан жедел қарқынмен артып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Ақпан, 2026
Астана халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Астана әуежайында жоспарланған 72 рейстің 10-ы кешігіп жатыр. Сондай-ақ 74 ұшып келу рейсінің 8-і уақытынан кеш орындалған, деп хабарлайды Egemen.kz.