Әскер • 20 Сәуір, 2026
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Қазақстанда әскери қызметшілерге арналған ақшалай қамсыздандыру және өзге де төлемдерді төлеу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі тиісті бұйрығында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 20 Сәуір, 2026
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Жапонияның солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында 7,7 магнитудалы күшті жер сілкінісі тіркелді. Осыған байланысты елдің метеорологиялық агенттігі цунами қаупі туралы ескерту жариялап, алдағы бір апта ішінде тағы да күшті дүмпулер болуы мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 20 Сәуір, 2026
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Астанада құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін арттыру бағытында бейнебақылау жүйесі айтарлықтай кеңейтілді. Бір жыл ішінде қаладағы камералар саны екі есеге өсіп, 60 мыңға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2026
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Меркі ауданының прокуратурасы №9 колледжде кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуына талдау жүргізіп, бірқатар заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 20 Сәуір, 2026
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматыда мамыр айының басынан бастап қалалық субұрқақтар біртіндеп іске қосылады. Олар 1 қазанға дейін күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Ауа райы салқындап, температура +5°C-тан төмендеген жағдайда субұрқақтардың жұмысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Сәуір, 2026
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
20 сәуір күні полицияға көпқабатты тұрғын үйдің шатырында ер адамның тұрғаны туралы хабар түскен. Тексеру барысында оның Астана қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол биіктен секіруге әрекет жасауы мүмкін болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 20 Сәуір, 2026
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Сәуір, 2026
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Премьер-министр Олжас Бектенов құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді. Жиын барысында еліміздегі көші-қон жағдайы және оны реттеу шаралары қаралды. Шетелдіктердің келуін бақылау және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев көші-қон саясатын жетілдіру және көші-қон процестерін реттеудің жаңа тетіктерін енгізу туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Сәуір, 2026
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Онда референдумда қабылданған Конституцияның нормаларын сапалы және жедел енгізуді қамтамасыз ету үшін «Заң мен Тәртіп» қағидатын бекіту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хоккей • 20 Сәуір, 2026
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Польшадағы Крыница қаласында өтіп жатқан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында (IA дивизионы) Қазақстан құрамасы екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.