Мектеп • 17 Шілде, 2025
ҚазТест балдарын ҰБТ-да пайдалануға болады
ҚазТест балдарын ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) балдарына ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Университет • 17 Шілде, 2025
Италияның жетекші жоғары оқу орнының филиалы ашылды
Талдықорғанда орналасқан І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында Италияның Марке политехникалық университетінің (Marche Polytechnic University) филиалы ашылды. Бұл маңызды бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Маусым, 2025
Шетелдік ЖОО-ға түскісі келетіндер қайда хабарласады
Ғылым және жоғары білім министрлігі ел аумағында ашылған шетелдік жоғары оқу орындары қабылдау комиссияларының байланыс деректерін жариялады. Бұл шекара аспай-ақ әлемдік стандартқа сай білім мен соны дәлелдейтін диплом алып шығуды мақсат еткен үміткерлерге аса маңызды, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 05 Маусым, 2025
Ғылыми журналдардың мәселесі халықаралық конференцияда қаралды
Ғылыми журналдарды дамытудың мәселелері мен болашағына арналған халықаралық конференцияға 200-ден аса қазақстандық ғылыми журналдардың, Ғылыми редакторлар мен баспагерлер қауымдастығының, Taylor&Francis ірі баспа үйінің өкілдері, Clarivate және Elsevier компаниясының стратегиялық серіктестері, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми жұмыс жөніндегі проректорлары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 05 Маусым, 2025
Астанада қазақ-француз мектебінің құрылысы басталды
Бұл – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макрон арасында қол жеткізілген уағдаластық бойынша іске асырылатын бірлескен жоба, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Маусым, 2025
Инклюзивті білімде жаңа ереже қабылданды
Елімізде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің ережелері бекітілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2025
Жетім балаларды қолдау күшейтілді
Қазақстанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жүйесі күшейтіліп жатыр. Қазіргі таңда өңірлерде 330-дан аса тәлімгер жұмыс істейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшыларымен кездесу кезінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 16 Мамыр, 2025
Елімізде шетелдік университеттің филиалы ашылды
Қазақстанда шетелдік беделді жоғары оқу орындарының филиалдары көптеп ашылып жатыр. Бұл қадамды Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізді академиялық хаб ретінде қалыптастыру және білім «экспортын» дамытуға бағытталған деп түсіндіреді. Жақында тағы бір шетелдік университеттің филиалы Қазақстанда ашылды.
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Алаяқтар балаларды алдауға көшті
Соңғы уақытта жасөспірімдерге бағытталған алаяқтық жағдайлар көбейіп келеді. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарды балалардың интернеттегі әрекеттеріне жіті назар аударуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Мамыр, 2025
Абай облысында оқушылар су сүзгісін жасады
Оқушылар қарапайым заттардан тиімді жұмыс істейтін су сүзгісін жасап шығарды. Бұл құрылғыны су тасқыны, жер сілкінісі немесе ауызсу жүйесі істен шыққан жағдайда шұғыл көмек құралы ретінде пайдалануға болады.