Жасанды интеллект • 17 Шілде, 2025

Жаңа бағдарлама қандай нәтиже көрсетті?

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздің жоғары оқу орындарында білім беру процесін оңтайландыру және цифрландыру мақсатында «AI-Sana» инновациялық жасанды интеллект бағдарламасы сәтті енгізілгені белгілі. Аз уақыттағы нәтиже қандай?

Жаңа бағдарлама қандай нәтиже көрсетті?

Есте болса, өткен жылы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллект бойынша «AI-Sana» бағдарламасын енгізуді ұсынған еді. Кейін Үкімет жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған инновациялық AI-Sana бағдарламасын іске асыруды бастады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан ақпарат бойынша осының нәтижесінде бүгінде AI-Қабылдау комиссиясы – талапкерлерге мамандық таңдауда тиімді ұсыныстар беріп, шешім қабылдау уақытын 50%-ға қысқартты. Бұған қосымша университет қызметкерлерінің жұмыс жүктемесі 70 пайызға жеңілдетілді. Қазіргі таңда бұл бастама 30 ЖОО-да іске асырылып жатыр.

AI-Proctoring – ҰБТ және емтихандарды қадағалауда адам факторын азайтып, бұзушылықтарды 90%-ға дейін төмендетті. Сондай-ақ бақылау процесі 80%-ға оңтайланып, тестілеу нәтижесіне деген сенім артты. Қазіргі уақытта аталған шешімді 5 университет қолданып келеді.

Ал, AI-Check – жазбаша жұмыстарды тексеруді автоматтандырып, тексеру уақытын 70 пайызға, ал шығындарды 65 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

AI-Lector – оқытушыларға бейнедәріс дайындау уақытын 10 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқартып, олардың белсенділігін екі есе арттырды.

AI-Library – цифрлық кітапхана жүйесі кітапханашылардың жүктемесін 70%-ға, ал пайдаланушылардың уақытын 50%-ға азайтты. Бүгінде бұл бағдарламаны 8 университет пайдаланып отыр.

Сонымен қатар AI-Психолог – студенттер мен оқытушыларға психологиялық қолдау көрсету жұмыстарын 100%-ға орындап, әкімшілік процестерді 65 пайызға оңтайландыруға жол ашты.

Жоғарыда аталған көрсеткіштер «AI-Sana» бағдарламасының тиімділігін көрсетуде. Жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы университеттер білім беру сапасын арттырып қана қоймай, оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, студенттердің оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30